Тәтті тағамдар жиынтығы — бұл дегеніңіз, сіздің таңғы асыңызға береке енгізуші. Тәтті басталған таң сізге керемет көңіл күй сыйлар еді, отбасыңыздағы қуанышты дастархан куәсі болар еді. Үй жағдайында дайындалған торт — Сіздің отбасыңызға деген Сүйіспеншілігіңіз бен Махаббатыңызды паш етуші. Өз қолыңызбен жасалғандықтан мейіріміңіз араласа жүрер еді.

Үй жағдайындағы тортты дайындау қолымнан келмейді деп ойламаңыз, біздің Сайт сізді нағыз аспаз болуға жетелейді. Біз сіздің нағыз аспаз болуыңыз үшін, өте қарапайым тілде, суреттермен көмкереміз. Батыл болыңыз!

Дайындаған тортыңыздың дүкендегідей болуын қалайтын боларсыз? Ендеше, ол тілегіңізді Асмәзірі сайты жүзеге асырады. Бізбен бірге болыңыз, Дос! =))
Рейтинг: 4.53 Оқырмандар: 24
Ұлттық тағамдар — ұрпағыңызға аманат іспеттес. Көңіліңізге жұбанышты да, шипаны да өз қазағыңыздың дәстүрінен табасыз. Келген қонағыңыз, өз үй-отбасыңыздың нағыз қуанышы.

Ұлттық тағамдарымыз ет асу, бас тарту, қамыр ауқат, нарын, қазы-қарта, жал-жая, талқан-тары, наурыз көже, қонақ кәде т.б, жасау жолын іздесеңіз, осы Асбөлмеден табасыз. Қазақтың нағыз қазақ екенінің белгісіндей осынау ұлттық тағамымыздың жасалу жолын біле жүргенге не жетсін?! Біз әрқашан Сізбен біргеміз, Сіз де бізбен бірге болыңыз! =))
Рейтинг: 2.27 Оқырмандар: 21
Таңғы астар жиынтығы. Сұйық тағамдар. Сорпа, көже…
Рейтинг: 0.00 Оқырмандар: 19
Салат — кез келген мейрам дастарханының сәнін ашар дәмді мәзір түрлері. Салатты көбіне біздер мейрамдарда, күнделікті дастархан мәзіріне немесе өз қалауымыз бойынша дайындап жатамыз. Ал оның жасалу жолын Интернеттен, мәзір журнал-кітаптардан іздестіретініміз рас немесе құрбылардан сұрап жатамыз. Осыған орай біз сіздерге салат түрлерін ұсынып, бөлісіп отыруды жөн көрдік. Асмәзіріндегі салаттар бұл дүниежүзі халықтарының түрлі салаттары.

Салаттар әдетте кез келген көкөніс, ет, балық еті, дүкен өнімдерімен дайындалады. Егер сіз өзіңізге керек салат түрін іздесеңіз бізге келіңіз, Сіз үшін салаттың небір түрі осында!

Ұнаған салатыңыздың мәзірімен таныса отырып, сайтымызға өз пікіріңізді қалдыруыңызға болады! Сәттіліктер болсын! =))
Рейтинг: 0.00 Оқырмандар: 17
Таңғы асқа ұсынылатын кез-келген жеңіл тағам түрлері.
Рейтинг: 0.00 Оқырмандар: 18
Тіске басар, бас жазарлар))
Рейтинг: 0.00 Оқырмандар: 16
Сүттен жасалынған тағамдар түрі
Рейтинг: 0.00 Оқырмандар: 17
Ұннан жасалынған тағамдарға сіздің көзқарасыңыз қалай? Ұн тағамдарын, әрине өте-мөте ұнататындарымыз көп, әсіресе жаңа піскен әрі жылы болса. Дегенімен, аса ұната бермейтіндер де баршылық. Тағамның басым бөлігі ұннан құралады. Тіпті, жұмыртқа, сүтпен араластырып таңғы жеңіл тағамды да жасаймыз. Нан — ас атасы. Нан да ұннан жасалынады. Бастысы сіздің дастарханыңыздың берекесі десек те болады.

Ал сіз қамыр жая алушы ма едіңіз? Біздің сайтпен бірге үйреніңіз! Сізге ұн тағамдары пайдасыз болып көрінуі мүмкі, мысалы толысып кетермін деген секілді. Алайды, ол сіздің ең қымбатты жақын адамдарыңызды қуанту үшін керек. Сіз ұнатпағаныңызбен, ел ұнатады)) Тілемесеңіз де, алдыңыздан шығар осынау бір «бешбармақты» бізбен бірге үйреніңіз! =))
Рейтинг: 0.00 Оқырмандар: 22
Өнімдерді консервілеу, сақтау.
Рейтинг: 0.00 Оқырмандар: 17
Асүй құпиялары мен пайдалы кеңестер жиынтығы.
Рейтинг: 0.00 Оқырмандар: 18
Денсаулық кепілі.
Рейтинг: 0.00 Оқырмандар: 2
Екінші ас, қою тағамдар жиынтығы.
Рейтинг: -1.13 Оқырмандар: 19