avatar

Құймақ (блины)
Жарияланды Ұннан жасалатын тағамдар

Құймақ жемегелі де біраз болған шығар? )) Сіздерге өз нұсқамдағы құймақты ұсынамын.
Құймақ құрамына: 1 литр сүт, бір ожау сұйық май, 2 жұмыртқа, жарты шәй қасық сода (сірке суымен бастырылған), 3 ас қасық шекер, бір шымшым тұз, ұн:


Ұннан басқа өнімдердің бәрін араластырамыз. Ол үшін бізге арнайы араластырғын (вмешалка) немесе миксер керек. Шанышқының да көмегіне жүгінуге болады тек ол үмітті ақтамауы мүмкін. Ұнды елеуішпен елеп салып отырамыз, қоюланғанша. Мендегі қоюлық суретте:


Қызып тұрған табаны бір мәрте ғана майлап аламыз, жабыспайтынына сенімді болу үшін. Бір ожауды толтырмай алып (табаңыздың көлеміне байланысты) табаға құямыз да, айналдырып жайылуына жағдай жасаймыз:


Ортасы шұрқ тесік, айналасы қызара бастағанда бір шетінен тіс шұқығышпен іліп алып келесі бетіне аударамыз:


Осылайша бәрін пісіріп аламыз:


Дайын құймақтарды дастарханға ұсына берсеңіз болады:


Ас болсын!

9 пікірлер

avatar
Ух тыыы, күшті шығыпты. Менде бір кездері жұқалап жасағанда бөлініп қалып, табадан алынбай быт-шыт болатын. Қазір жақсы шығады, тіс шұқығышты пайдаланып көру керек екен.
avatar
Бір қолыңа тұрмыстық қолғап киіп алсаң, қолың күймейді. Рахаттанып пісіресің)))
avatar
Мәә,қазанға да пісіруге болады екенғо)Дәмді екен)
avatar
Қазаны несі? Шұңғыл таба ғой)))
avatar
Қазанғой)) Өзіңіз де бір жазбаңыз да қазан деп жазғансыз, енді келіп шұңғыл таба дегеніңіз күлкілі екен))
avatar
Басқа жазбаның мұнда қатысы не? Суретте қазан секілді болып қалған шығар. Әй, маған бәрібір, каструльге істеңдер)))
avatar
Байқағаным осындай қалың ыдысқа пісірілген құймақтар «идеальный» болады екен жүп жұмсақ болып, қазіргі кездегі арнайы құймақ табаға жасаганнан гөрі иә Көркем?!
avatar
Korkem shetinen suretke tusirip ile salsash aqyry senbit ken:)))