avatar

Асқабақ қосылған самса
Жарияланды Ұннан жасалатын тағамдар

Самса — бірқатар Азия елдеріне кеңінен таралған мәзір түрі.
Әдетте самса салмасы әртүрлі болып келеді (картоп қосылған, ет, асқабақ, орамжапырақ, т.б,). Бүгінгі самса асқабақпен дайындалады.
Самса салмасы әртүрлі болумен қатар, самса қамыры да түрліше болып келеді.
Қатпарлы қамыр — үгілмелі. Мен көбіне қатпарлы қамыр дайындайтынмын. Ол үшін илетентін қамырға сары май міндетті түрде қосылады. Ал бүгінгі самса үшін сәл өзгеріс енгізілді. Қамырд ыжұмыртқа қосылған тұзды суға илеп аламыз да, жұқа етіп жайып ерітілген сары майды (слив. масла) жағып шығамыз. Манты секілді орап, айналдыра жинап, пищевой пленкамен мұқият жауып шығып, тоңазытқышта түнге қалдырамыз, майы жақсылап сіңуі үшін. Ертесіне:


Салма құрамы: асқабақ, пияз, фарш (сиыр етінен, тұз, бұрыш. Асқабақты майда етіп турап, пиязды да майдалап, фарш, тұз, бұрышпен жақсылап араластырып аламыз:


Қамырды шетінен кесіп алып, майланған тақта үстінде жұқалап жаямыз. Суреттер сөйлесін, рет-ретімен:





Қызып тұрған пішінге самсаларды келесі бетімен орналастырып шығамыз, бетіне жұмыртқа жағып шығамыз:


180 градуста, алдымен астынса саламыз, көтерілген соң үстіне салып, пісіріп аламыз:


Қамыры да, өзі де керемет самса дайын болады:




Ас болсын!

4 пікір

avatar
Осы қамырды жасап көрмесем, қатпарлы боп шығады ма? Қамыр жайған соң қанша май керек шамамен?
avatar
Көз мөлшермен. Қаттаманікі секілді біркелкі жағып шықса болалы. Тек қамырды бешбармақтікіндей жұқа еткен жөн. Керемет болады енді)))
avatar
Асқабақ қосылған манты жеп өстік қой ауылда. Арасында Анам самса пісіріп тұрушы еді асқабақпен. есіме түсіп кетті балалық шағым.
avatar
Бір пост жазжжівер))