avatar

Тез әзірленетін құймақ(оладьи)
Жарияланды Ұннан жасалатын тағамдар

«Ас мәзірінің» оқырмандарына сәлем!

Оладьидің нақты аудармасын білмедім, ең дұрысы құймақ секілді. Дайындауға өте жеңіл әрі тойымды тағамдардың бірі.
Құймақ дайындау үшін керек өнімдер:
0,5л. айран
1 жұмыртқа
2 ас қасық қант
1 шай қ. тұз
2,5 стакан ұн
1 шай қ. ас содасы

Дайындалуы:
1. Жұмыртқаны шанышқымен әбден араластырғаннан кейін айран қосамыз. Айран мен жұмыртқаға қант, тұз және ұнды салып қозғаймыз. Соданы ең соңында қосқан дұрыс. Барлық өнімдерді салғаннан кейін жақсылап араластырып, 15-20 минутқа қойып қоямыз.
2. Табадағы май қызғаннан кейін астын бәсеңдетіп, сұйық қамырын ас қасықпен саламыз. Әр бетін төрт-бес минут қуырамыз. Дайындалуы өте оңай, ешқандай қиындық тудырмайды. Нәтижесінде суреттегідей қалың, жұмсақ құймақтар әзірленеді.

Астарыңыз дәмді болсын!

5 пікірлер

avatar
Қош келдің, қуаныштымын, қуаныштымыз, алғашқы асмәзіріндегі мәзіріңмен, ммм ұнатамын тез және тойымдыны))) әлде де тағы мәзірлеріңді күтетін болам, боламыз, ұзағынан болғай қуанышымыз…
avatar
Уау! Құймақтың қалың түрі американдық қой деймін. Аты қалай еді, ұмытып түрмын. Кепемет! Қолың дерт көрмесін. )))
avatar
Панкейк-ау деймін сенің айтып отырғаның?
avatar
Дәл өзі, дегенімен мен қателестім. Құймақ емес мынау оладьи))
avatar
Рахмет үлкен! Американдық түрін білмедім. Бірақ орыс сайттарында әр түрлі рецептері бар)