Мәзір: Бәліш (беляш)
Жарияланды
Ұннан жасалатын тағамдар
Бәліш (беляш) — ашыған қамырға ет пен жуадан дайындалған салманы салып, дөңгелек пішінді және кішкене ойығы бар ұннан жасалған тағам. Татар мен башқұрт елдері жиі дайындайтын бұл дәм «Fastfood» ретінде де кең танымал.
Құрамы =>
Қамыр үшін:
Салма үшін:
- 300-400 гр тартылған ет
- 1-2 дана жуа
- тұз бен бұрыш
Дайындалуы:
Жоғарыда көрсетілген қамырға қажетті заттардан қамыр илейміз (бауырсақтың қамырындай). Көтеріліп ашыған соң, қамырды бірнеше майда бөліктерге бөліп жаямыз.

Дөңгелеп жайылған қамырдың ортасына салманы салып, қамырдың жиегіне жеткізбей жайып шығамыз. Содан соң қамырды ортасына қарай қайыра отырып бүгеміз. Ортасы ойық бәліш шығуы керек.

Бүгіп дайындалған бәліштердің бетін жауып 7-10 минутқа қоямыз. Бұл уақытта қамыр тағы да көтеріле түседі. Ыстық майда алдымен ойығы бар бөлігін, содан кейін екінші бетін қуырып аламыз. Бәліштерді қуырғанда салмасының шашылмауын қадағалаған жөн, себебі ыстық майға төгілсе, май шашырауы қауіпті. (Кеңес: қуырылған соң бәліштерді сүзгіге (сетка), содан соң салфеткаға қойып майын сіңдіріп алады)

Артық қалған қамырды жайып, бауырсақ пісірсе де болады. Бәліштеріміз дайын, ас болсын!

6 пікірлер