Мәзір: Қатпарлы самса
Жарияланды
Ұннан жасалатын тағамдар
Самса — бұл Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азияға кең таралған мәзір. Негізгі құрамы жуа мен ұсақтап туралған еттен тұратын ұн тағамдарының бір түрі. Самса үшін дайындалатын қамыр әдетте қатпарлы келеді, бірақ кей елдер самсаны тандыр нанмен де жасайды. Формасы әр түрлі, кең тарағандары — үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Құрамы: қамыр үшін =>
Қамырымыз дайын болған соң оны жаямыз. Әдетте, біз қамыр жаюға ұн пайдаланамыз, бірақ бұл самсаны дайындау кезінде ұнның орнына крахмал пайдаланған тиімдірік. Бұл қамырымыздың жұмсақ әрі тегіс болып шығуын қамтамасыз етеді. Алғашқы қамырымызды (қалыңдығы 1,5-2 мм) жайып болғаннан кейін оның үстіне алдын-ала ерітіп, сәл суытып қойған сары майды жағамыз. Екінші қамырды жая бастағанда сары май қамырға сіңіп, жұмсара түседі. Дәл осы жолмен 3 рет қамыр жайып, үстеріне сары майды жағып сіңдіреміз. Бірінің үстіне бірін қойып қатпар жасаймыз.
Қатпарлы қамырымыз дайын, енді оны дөңгелетіп орап, кішкентай бөліктерге бөліп жаямыз. Салмасын салып, ұшбұрыштап бүреміз. Үстіне жұмыртқаның сарысын жағуды ұмытпаймыз.
Ыстық пеште 200-230 градус температурада 30-40 минут пісіреміз.
Қатпарлы самса дайын!
Артық қалған қамырды ұзыншалап турап, ыстық пешке салып аламыз. Қытырлақтардың үстіне қант ұнтағын сеуіп ұсынамыз. Ас болсын!
П.С. Қамырды крахмалмен жайып дайындаған алғашқы мәзірім, күшті болады, рекомендеймін! Сәттілік! :)
- 4 стақан ұн;
- 2 дана жұмыртқа;
- 1 стақан жылы су;
- 100 гр сары май;
- 0,5 шәй қасық тұз.
- ет/фарш;
- құйрық май;
- жуа;
- тұз/бұрыш;
- аскөк/дәмдеуіштер.






6 пікірлер