avatar

Қаттама
Жарияланды Ұннан жасалатын тағамдар

Сәлеметсіздер ме? Бүгін біз кәдімгі қаттама жасаймыз) Керек нәрселер, олар: қамыр мен май ғана Қамырымыз кәдімгі тұзды суға иленген қамыр. Сонымен бастаймыз
1. Алдымен қамырды жайып аламыз.




2. Енді үстіне май жағып шығамыз




3. Қамырымызды ораймыз


4. Енді қамырымызды ұзындығы суреттегідей етіп кесіп шығамыз.

5. Бұрап күлше етеміз.




6. Енді, ұнға аунатып жаямыз



7. Қызған табаға, бір қасықтай май құйып, қаттаманы саламыз.


8. Піскен кезде аударып тұрамыз, сол үшін қарайлап тұру керек, астын ашып. Егер майы азайған кезде, бір қасықтай қайта салып тұрамыз. Шамамен әр қаттамаға екі қасықтай май кетеді (сонда болады әр бетіне бір қасықтай).
  
9. Енді жеу ғана қалды :)



Астарыңыз дәмді болсын! ))
    Мәзір ұнады ма? Достарыңмен бөліссең ше?

34 пікір

avatar
Позитивке тұнып тұр))
avatar
Мамасының көмекшісі жақсы екен әәә)) Басқа аналар болғанда ұрысар ма еді, жағаласпай кетші әрі деп:) қызыңыз қасыңызда беймарал істеуде ғо, кәдімгідей шынайы білетіндей)) Қызыңыз шығар қателеспесем?)) Қаттама жеңіл жасалынады екен иа, сосын жақсы тойдыратын еді ғо иа)
avatar
жақсы тойдыратыны бар иа(дегім келді)
avatar
Иә, иә)) Кім болса да ғажап ана екен өзі! ))
avatar
kucht! undilerdin chapatiine keledi eken:) jasap korem mindetti turde, al qamyrga ne qostynyz? kadimgi un men tuz gana ma?
avatar
иа қамырға ұн мен тұз ғана қосылады
avatar
as sodasy qosyldy ma qamyrga??
avatar
Жоқ, қаттаманың қамырын тұзды суға илеу керек, кішкене сұйық май немесе маргарин салса да болады, ол оның дәмін арттыра түседі. Сода салынбайды. Шынымен жасап жатсаңыз, осында салуға тырсыңыз, қуана қабылдар едік)))
avatar
жоқ, қосылмайды
avatar
керемет унайды маган каттама))) ьирак жумысы оте коп екен Аллах каласа айелиме куниге жасатамын)))
avatar
Аллаһ ниетіңізді қабыл етсін))) ( )
avatar
Әйеліңе?)) құдай қаласа еске алармыз иа осы сөздеріңді))) Дәм ауызтигізсек ғо шіркін келіннің жасағанынан))
avatar
шелпек сияқты екен :) жеп кормедім мұндай затты) жасап көру керек)) Қарағанды жақтың шелпектері осындай болып келеді ғой))
avatar
))) қаттаманы жеп көрмегендер туралы енді естудемін таң қалып, сіз және басқалар. Мұндай бақыттан қалайша мақрұм қалып жүрсіздер а? ))
avatar
мақрұм деген оғаш естіледі екен. Кемсіту, әлде білмеймін, осы сөз маған ұнамайды. мақрұм дегенде қалай? Шешеміз жасамаған соң мақрұм болдық енді.
avatar
)) ренжітейін деген ойым жоқ еді, мақрұм қалу — құр қалу деген мағынада. Маған жауапты пікірімнің астындағы «Жауап беру» батырмасы арқылы жазсаңыз, маған хабарландыру келер еді. Ренжімеңіз))
avatar
«Сіз» деп сызыла қалуын :)))))
avatar
сен қыз абайла))))
avatar
Ыхаха-хахах-хаха :)))) "қорқытыватр" ии мені :)
avatar
типа, қорқып қалдым деЩ, ахахахах)))
avatar
Нуу :))) Бұл аспаздық туралы сайт қоӘ, «троллить» етпеии :))))))
avatar
джынды қыз :)))))))))
avatar
Анкодан кешірім сұраймын)))
avatar
Мен мынадай қаттаманы өмірімде алғаш рет көрдім ғой, құрылтайда! Көркем пісіріп әкелді, бірақ сол дәмін татамын деп жүріп ұмыт қалды-ау дим :))) Мақрұм емес, просто біз жақта мұндай жасамайды да, тым майлы көрінеді маған осы.
avatar
Пәлі, рас па? )) Келесіде міндетті түрде дәм татқызбай қоймаймын))
avatar
Майрош неге жасалу жолын сұрап жүр десем, мүлде мән бермеген екенмін. Әй, бір прикол ұстауға болатын екен ғо! Әттең))
avatar
osy Kattamanyn processin korip qasynda suretke tusiretin bireu bolgany qandai kucht dep oilap qaldm:)) aitpese jasauyn jasaim goi tamaqty tek sony suretke tusirgen zapadlo da:))) tamaq ajsaim ba suretke tusirem ba dep:))))
avatar
Мен мысалы, көбіне жалғыз өзім суретке де түсірем, жасаймын да)) Бірақ бір әбіржіп кететінім-ай, амалын табуға болады)))
avatar
Осынын аты каттама ма алде каптама ма?
avatar
Қазақта жұмбақ-мақал бар, "қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама" деген, жауабы «кітап». Сондағы мағынасы қазақтың осы бір ұлттың мәзірі болса керек-ті.
avatar
қаптама деп қабаттап-қабаттап жасағанды айтады. Біздікі олай емес қой.
avatar
таза ауылдың қаттамасы, ошаққа от жағып пісіру қиын, басымнан өткен.