avatar

Cаңырауқұлақ қосылған пицца
Жарияланды Ұннан жасалатын тағамдар

Саңырауқұлақ және шұжық қосылған дәмді пицца. Пиццаға қандай салма салсаңыз да, ең бастысы пиццаны жоғары температурада аз уақыт пісіру, сонда пицца өте жұмсақ, бірақ құрғақ болмайды. 220°С-та 15-20 минут жетіп жатыр. Ал 180°С-та 30-40 минут пісіргенде қамыры және салмасы кеуіп, құрғақ және қатты болып кетеді.
Пиццериялардың пиццасынан еш кем түспейді. Керісінше, өзіңіздің талғамыңызға қарай салмасын жасап аласыз.

Құрамы:

Қамырына:
  • Ұн — 2,5-3 стақан.
  • Ашытқы — 1 шай қасық.
  • Тұз — 0,5 ш.қ.
  • Қант — 1 ш.қ.
  • Өсімдік майы — 2 ас қасық.
Салмасына:
  • Саңырауқұлақ — 200гр.
  • Шұжық — 200 гр.
  • Қызанақ — 3 дана
  • Ірімшік — 300 гр.
  • Аскөк, ақжелкен

Саңырауқұлақты пиццаның дайындалу тәсілі:

Алдымен қамырын дайындаймыз.


Ол үшін жылы суға ашытқы, тұз және қантты араластырып, 5-10 минутқа қойып қоямыз.


Біраз көпіршіп көтеріле бастайды, сол кезде ұнға құямыз, сосын сұйық майды да құйып, жұмсақ қамыр илейміз.


Қамыр жақсылап иленгеннен кейін, бетін ас пленкасымен жауып. Жылы жерге қоямыз.


Шамамен 30-40 минут өткеннен кейін бір басып қоямыз да, тағы да 10 минут тұрсын.
10 минут өткеннен кейін қамыр дайын.

Пешті 220°С-та қыздырамыз.

Енді пиццаның салмасын дайындайымз.
Қамырымызды жұқа етіп жайып, пештің табасына май жағып саламыз.


Қамырдың үстіне шұжық және саңырауқұлағымызды саламыз.


Мен қатырылған/мұздатылған саңырақұлақ алдым. Саңырауқұлақты қалай қатыру туралы осы жерде оқи аласыздар.


Оның үстіне қызанақ, аскөк және үккіштен өткізілген ірімшікті саламыз.


Пешке 15-20 минутқа қоямыз. Қамыры аздап қызара бастағанда бірден өшіреміз де, пештен шығармаймыз. 10 минуттай пешке қалдырамыз, тағы біраз жұмсарады.

10 минут өткеннен кейін пиццамыз дайын.



Астарыңыз дәмді болсын!
    Мәзір ұнады ма? Достарыңмен бөліссең ше?

0 пікірлер