avatar

Үй жағдайында нан жабу
Жарияланды Ұннан жасалатын тағамдар

Нан! Кез-келген үйдің дастарханынан табылатын, қонақ келсе алдына қойылатын құрметті ас. Дүкен нанына қарағанда тойымды, әрі дәмді. Оның үстіне құрамында ешқандай қоспасы жоқ. Мақтауын келістірдім ғой деймін?!)) Ендеше үйренейік! Үй жағдайындағы нан үшін бірінші сорттағы ұн қолайлы болып табылады. Жоғарғы сорттағы ұннан наныңыз сағыз секілді шығуы мүмкін.

Құрамы: ұн, су, сүт, сары май (слив.масл), ашытқы, тұз, өсімдік майы, жұмыртқа (бетіне жағу үшін)
Жасалу жолы: Нан құрамындағылар сәйкесінше үй температурасында жылып түрғаны жөн, дегенімен міндетті емес. 250 гр сүтке ыстық су құямыз. Дәрежесі қол аздап күйетіндей болуға тиіс:


Сары майды салып ерітеміз де, 1 шәй қасық көлемінде тұз саламыз:


Құрғақ ашытқы пайдалануға тырысыңыз, салмас бұрын жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз:


Ұнды елеуіштен өткізіп салған дұрысырақ:


Қатты да емес, жұмсақ та емес қамыр илеңіз. Илеуін жақсылап қандыруыңыз керек, олай болмаған жағдайда наныңыз көңіліңізден шықпай қалады. Мен әдетте ашыту керек кез-келген қамыр бетін майлаймын, бұл қамыр ашығаннан кейін ұнды пайдаланбай-ақ қоюға мүмкіндік береді:


Полиэтилен пакетпен ауа кірместей мұқият жауып шығыңыз. Үстінен сүлгімен орап, жылы жерге 1 сағатқа қоямыз:


Ашыған қамыр екі есе көтеріледі:



Екіге (үшке, төотке, беске) зуалаға бөліп, бетін жауып қоямыз. Пеш қызамын дегенше тағы да кішкене көтеріледі:


Форманы майлаудың қажеті жоқ, қорықпаңыз жабыспайды. Табаға салып қолмен жаямыз да бетін арнайы құралмен тескілейміз немесе шанышқының көмегіне жүгінсеңіз болады. Беті қызарып шығуы үшін жұмыртқаны жағып шығамыз:


180-200 градустағы пештің астына көтерілуі үшін саламыз. Ал үстіне көтермес бұрын, наның асты жабыспай қозғалып тұруы керек, қозғалып тұрған соң мұқият үстіне ауыстырамыз. Пеш үстінен нан қызарған соң алып шығамыз:


Нан дайын:


Нанды пештен шығарған соң біршама уақыт бетін ашық қалдырңыз, суып, жұмсаруы үшін. Одан кейін жеңіл сүлгімен бетін жауып қойып, толық суығанша қою керек, осыдан соң барып нанды түгел қамтып сақтауға болады.


Дастарханға қол күймейтідей дәрежеде суытып қоя берсеңіз болады))


Ас болсын!

1 пікірлер

avatar
Оһһ, күшті күшті. Көрсетпесем осы мәзірді, нан пісіргісі келіп жүргендер бар еді))