avatar

Бауырсақ
Жарияланды Ұннан жасалатын тағамдар

Бауырсақты білмейтін қазақ жоқ шығар?! )) Бүгін біздің сайтта бауырсақтың әзірлеу жолын ұсынамын.
Әдетте бауырсақтың жасалу жолы қарапайым болып келеді. Яғни, суға тұз, ашытқы салып жасайды. Пішіні де қиғаш келген тіктөртбұрыш болып келеді. Мен ұсынатын бауырсақ әдеттегі бауырсақтан ерекшелеу. Назар аударыңыз!

Бауырсақ құрамына:
* сүт — 1 стакан;
* майонез — 2 ас қасық;
* өсімдік майы — 3 ас қасық;
* жұмыртқа — 1 дана;
* тұз — 1 шәй қасық;
* шекер — 1 ас қасық (қалауыңызша);
* ұн — 500 гр;
* ашытқы — 0,5 шәй қасық;
Бауырсақ құрамында қатып қалған қағида жоқ негізі. Мысалы, майонез орнына қаймақ пайдалансаңыз болады немесе өсімдік майы орнына сары май деген секілді. Мөлшерін де көзбен өлшей аласыз, бастысы ниетіңіз таза болса жетіп жатыр.


Дайындау жолы:
Аталмыш өнімдердің бәрі үй температурасында жылы болғаны жөн. Жалғыз-ақ сүтті аз ғана ысытып алыңыз.
ашытықдан басқа өнімдердің бәрін салып, араластырамыз. Осы аралықта қоспалы сүтіміз саусақ күймейтіндей дәрежеде жылы болуы керек. Ашытқыны салып ерітеміз:


Ұнды елеуіштен өткізіп саламыз:



Қамыр қолға жабыспайтындай, әрі жұмсақ болуы тиіс. Қолға жабыспау үшін азырақ өсімдік майын жағыңыз, илеуін қандыра илеңіз:


Енді пищевой пленкамен ауа өтпейтіндей етіп жауып шығыңыз. Жылы орап 1 сағатқа қалдырыңыз:



Ескерту! Бір сағаттан артық ашытудың қажеті жоқ, олай болмаған жағдайда ашыған иісі шығып тұрады.
40 минут өткен соң майды отқа қойып, қыздыра береміз:


1 сағаттан соң қамыр екі есе көтеріледі:


Оны екіге немесе қалауыңызша бөліктерге бөліп, жаямыз:


Стакан немесе аузы дөңгелек кез келген ыдсыпен суреттегідей дөңгелетіп шығамыз:


Қызып тұрған майға бір бірлеп саламыз:


Бауырсақтар дөңгелек пішінге ие болуы үшін беті томпайған соң бірден асты қызарғанын күтпей келесі бетіне аудару керек:



Енді екі бетін қызартып пісіріп ала беруге болады:




Бауырсақтар дайын:


Ас болсын! =))

6 пікірлер

avatar
Дәу монитормен көрудемін ка осыны, керремет көрінуде бар ғо, бұны да үйренгісі келген адамдар бар ғо, бөлісе кетейін. Сосын қиялыңа риза боп отырмын диәә :-).
avatar
Жақсы көреееем, бауырсақтыыы :))) Негізі біз домалақтамай-ақ кесе саламыз, бірақ осы соңғысында ерінбей домалақтап көрдім.
avatar
Оның рас. Мысалы, біз де көп дайындайтын болсақ қиғаштап кесе саламыз. Ал аз ғана үшін дөңгелеткен әдемірек))
avatar
Міне, мынадай болды :)))
avatar
Әркімдікі өзіне ұқсайды, Ә?!