avatar

Қазақтың ұлттық тағамы
Жарияланды Ұлттық тағамдар

Бас тарту — кәде, жиын-той, аста, қонақ күткенде, осындай мерейлі мерекелерде сойылған малдың басын қадірлі адамға сыбағалы, кәделі, сыйлы мүше ретінде тарту. Бас мүшесін дүниенің, жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенімге байланысты оны жасы үлкен, сыйлы қонаққа немесе мәртебесі жоғары адамға Бас тарту байырғы ортада ежелден орныққан. Бас тарту әдебін сақтай отырып, керекті дүниелерді түгендеп алалық. Ол үшін бізге: қойдың ұйытылған басы, қой еті (жылқы еті), қазы, картоп, сәбіз, тұз, қамыр үшін жұмыртқа, су, ұн қажет: Тазартып, жуылған басты суға салып отқа қоямыз. Тұздаймыз және шамалы сода салсаңыз бас еті жұмсақ болып піседі: Бөлек ыдыста қой еті мен, қазыны да отқа саламыз, дәміне қарай тұз салынады. Пісру барысында бетіндегі көбігін тазартқан жөн, сондай-ақ етті қайнатуға жеткізбей бүлкілдеп қайнату керек. Қатты қайнап кеткен жағдайда етіңіз сағыз секілденіп, дәмсіз шығады Сондықтан жиі қадағалау керек: Етті пісіріп, бетін жауып қойғаннан соң қамыр илеп қоямыз. Қамырды осылай ертерек илеп, илеуін қандырып қойса қамырыңыз жақсы шығады. Ол үшін екі жұмыртқаны жарып, су, тұз қосын қамыр илейміз. Ара арасында илеуін қандыра илеп тұрамыз, бетін жауып қою керек: Етіміз қайнап тұр: 6-7 үлкен бас пиязды аршып, текшелеп турап ыдысқа саламыз да, қайнап тұрған еттің бетіндегі майын сүзіп алып үстіне құямыз да баяу отқа қоямыз. Бұл бізге піскен қамырдың бетіне себуге керек: Қарым жаямыз: Ет пісуге жақындағанда (пиязды бұрынырақ, бүтіндей) аршылып, тазартылған картоп, сәбіз саламыз. Бәрі піскеннен соң сүзіп аламыз: Оттың астын күшейтіп, қайнаған соң қамырларды бір-біреуден саламыз: Қамыр әдемі пісу үшін бетін жауып қойған жөн. Бетін ашып пісірсеңіз қамырыңыз жұмсақ болып, езіліп кетуі мүмкін. Қамыр піскеннен соң бетіне бір кеседей салқын су құйып жіберіңіз, ол қамырлардың жабысып қалмауын қамтамасыз етеді. Содан кейін бірден сүзіп аласыз. Піскен қамырдың бетіне ет, қазы, картоп, сәбіздерджі турап, сәндейміз: Әдетте бізде басты тартар алдында маңдайын айқастыра тіліп қояды. Ол дегені бастың жолын ашу деп біледі. Суретке түсіру барысында маңдайын тілмедім: Астарыңыз дәмді болсын! Пы/сы: Мәзір алдын Сұрақ және Жауап сайтында жарияланған.

22 пікір

avatar
Бул тагам айталмаймын кереметтт кой)))Жесен козиннен жулдыздар ушады хехехе)Ас болсын)))
avatar
Мура? Аухатты қашан жеп едің бірге отырып мм? ((
avatar
упс, жеп едік дегім келді
avatar
Досым тамактанулар алда Аллах каласа))) кабарлас досым бираз отырып сыр шертейк))))