Мәзір: Қуырдақ
Жарияланды
Ұлттық тағамдар
Қуырдақ — қазағымыздың ет пен пияздан қуырылып дайындалатын ұлттық тағамдарының бірі. Қуырдақ сөзі "қуыру" түбірінен алынған. Еттен бөлек бұл тағамға бауыр, өкпе, жүрек сияқты өзге де ет өнімдері мен картоп қосылады. Осы тағамның жасалу жолымен таныссақ.
Құрамы:
Дайындалуы:
Алдымен ет өнімдерін орташа көлемде және сәбіз, сарымсақ, ащы бұрыш пен пиязды жіңішке әрі ұзыншалап тураймыз.

Қазанға май құйып қыздырып, етті қуырамыз (кейде бауырды көкөністерді қуырып алған соң қосады). Ет өнімдерінен кейін үстіне көкөністерді салып, орташа отта қуырамыз, тұз, бұрыш, лавр жапырақтарын да саламыз.

Ендігі кезек картопта (менің нұсқамда картоп көп салынған).

Жақсылап араластырып қуырамыз, содан соң қайнаған су құйып, қазан бетін жауып бұқтырамыз. Тағамның дәмін келтірген соң 20-25 минут пісіреміз. Содан соң үстіне жіңішкелеп туралған пиязды қосып, дастарханға ұсынамыз. Ас болсын!
Құрамы:
- қой еті, бауыр, өкпе, жүрек (қалауыңызша);
- 5-6 дана картоп;
- 2 дана пияз;
- 1 дана сәбіз;
- сарымсақ, ащы бұрыш;
- тұз, бұрыш, лавр жапырақтары.

6 пікірлер