Әсіп
Жарияланды
Ұлттық тағамдар
Қайырлы күн! ))
Әсіп — қазақ халқының ұлттық мәзірлерінің бірі. Әсіп бұл күнде дастарханға қойыла бермейтін, іздегенге табыла бермейтін мәзір түріне айналды. Әсіпті қойдың ішегінен, бүйенінен жасайды. Ол үшін қойдың ішегін айналдыра тазартып жуып алады. Әсіп ішіне салынатын салмасы әр өңірде әрқалай, жоқ дұрысы әр үйде әрқалай жасалынады. Әсіпке әдетте қойдың көп желіне бермейтін мүшелері кіреді, бауыр, өкпе секілді. Дегенімен бүгінгі мәзірге қой еті (фарш)қосылады. Алдымен қойдың (жаңа сойылған) бүйенін жақсылап жуып, бір ұшын түйесіз. Салмасын дайындау үшін күрішті суға бір қайнатып аласыз, таза піспегені дұрыс. Пияз, сәбіз, сарымсақ, дәміне қарай тұз бұрыш қосып, араластырасыз. Мейілінше сұйықтау болғаны дұрыс:

Қойдың ішегіне салманы ас қасықпен мұқият салып шығыңыз, екінші ұшын екі-үш қабатталған жіппен байлайсыз. Ыдысқа салып, су құйып 50-60 минут қайнату керек:

Ескерту! Салма салу барысында ішекке салманы аса қатты толтырмай салыңыз, ішінде аздап бос орын қалатын болсын. Әсіпті қайнатпас бұрын ілмекпен әр-әр жерін тесіп шығыңыз және қайнау барысында тағы бір рет тесіп қоюға тырысыңыз. Олай етпеген жағдайда, әсіп піскеннен соң енді ұстауға тырысқаныңызда әсбіңіз «тарс!»етіп жарылып кетеді. Әсіпті ыстықтай да, суытып та ұсынуға болады. Піскен әсіп:

Әсіп дайын:

Ас болсын!

10 пікірлер