avatar

Мәзір: Сүзбе
Жарияланды Ұлттық тағамдар

Ұлттық мәзірлеріміздің тағы бір түрі — сүзбе. Сүзбені ашыған сүт не айраннан дайындайтыны белгілі. Егер сүзбені арнайы дорбаға салып күн астында кептіріп алса, онда тұзбен дәмін келтіріп құрт жасауға да болады. Әзірге сүзбенің өзімен таныс болайық.

Дайындалуы: ашыған айранды (сүт) ыдысқа құйып, отқа қоямыз. Жәй отта ұстаған жөн, айран қайнап кетсе сүзбе дұрыс болмайды. Ыдыс түбіне сүзбе шөгіп, бетіне ақшыл сары түсті сұйықтық бөліне бастағанда отты сөндіреміз. Арнайы дорбаға (марля) құйып суын төгеміз немесе ас үйде қолданатын сүзгіні қолдануға да болады.


Сүзіп алған сүзбемізді бөлек ыдысқа салып, үстіне қант себуге яки жеміс-жидектерді қосып ұсынуға да болады. Сүзбеге қаймақ қосқан да жақсы, одан бөлек сүзбеден түрлі мәзірлер дайындауға да болады. Сілтеме
Ас болсын! :)

3 пікір

avatar
)))) Біз де ылғи осылай құрт жасаушы едік.
avatar
Сүзбеңіздің майлылығы неше пайыз.
avatar
А Ақнұр Бектеміс, Ақнұр Бектеміс, жауап бере ғой енД