avatar

Мәзір: Жент
Жарияланды Ұлттық тағамдар

Қазақ халқының жаңа жылы "Ұлыс күні — Наурыз" мерекесінің таяп қалғаны белгілі. Дүркіретіп тойлайтын бұл мерекеде дастарханның да мол болары анық. Осы орайда дастарханымызды ұлттық мәзірлеріміздің бірі жентпен толықтырсақ болады. Женттің жақсы бір қасиеті бұзылмайды әрі дәмі жақсы сақталады. Бүгін женттің жасалу жолымен таныс болайық.

Құрамы:
  • талқан;
  • сары май;
  • қойытылған сүт (сгущенка).

Кеңес: қойытылған сүт тәтті болғандықтан қант қоспаймыз, егер тәттірек болғанын қаласаңыз қант, мейіз қосуға да болады.

Дайындалуы: талқанды ыдысқа салып, оның үстіне бөлме температурасындағы жұмсақ сары майды қосамыз. Қойытылған сүтті қосып талқанның басын біріктіреміз. Талқан қолға жабыспайтын әрі формаға келтіруге ыңғайлы болу керек. Ас үй пленкасына талқанды салып, 3-4 мм қалыңдықта жайып шығамыз. Кез келген формамен пішін береміз, бұл дастарханға ұсынғанда әдемі көрініс береді. Жент дайын, ас болсын!

5 пікірлер

avatar
Ох! Күттім ғой сенен, күттім))) Мереке бірге болсын! Ғайыптан тайып кетіп, шынымен бірге болар ма еді, шіркіін))))
avatar
жент екенін енді байқауым, немесе талқан демекші едім. Ұқыпты ұстамасаң сынып та кетер иа? Қатыратын әдісі бар ма? суық жерде біраз сақталынса ше, қатар ма еді?
avatar
Айтпақшы, тоңазытқышқа салып қоямыз қату үшін.
avatar
Жент дегеніміз осы ма еді. Тамсанып қалдым. Ангинам жазылған соң заказбен алдыратын тағам екен.
avatar
Кәдімгі талқанды білмеймін дещі? Ужыс, сені де ауылдың, әрі атаның баласы дейді-ау