avatar

Мини пицца
Жарияланды Тіске басар

Кішкентай пиццалар — қолға ұстап жеуге ыңғайлы, әрі балаларыңызға мектепке салып жіберуге немесе түскі асқа өзіңізбен алып кетуге таптырмайтын тағам. Құрамын әркім өзінше өзгертіп, қоса алады.
Бүгінгі мәзірдегі пицца қамырын ашытып әуре болып жатпайсыз, жарты сағат уақытыңызды алатын пиццаның жасалу жолымен таныс болыңыз.

Мини пицца қамыры үшін:
Айран — 1 стакан;
Сары май — 100 гр;
Жұмыртқа — 1 дана;
тұз, қопсытқыш (разрыхлитель);
Қоспалары:
Шұжық (қайнатпа), сыр, кетчуп, майонез, консервідегі қозықұйрық, маслина, банкадағы блогар бұрышы мен қызанақ;

Дайындау сатысы:
Алдымен қамырды дайындап алу керек. Шұңғыл ыдысқа айранды, үй температурасында еріп тұрған сары майды, жұмыртқаны саламыз:

Жақсылап араластырамыз:

Енді қопсытқыштың бір пакетигін түгел салып жіберіп, араластырасыз. Сонда суреттегідей көтеріліп кетуге тиіс:

Енді қамыр илейміз. Ұнды көп салып керек емес, онсызда қолға жабыспайтын әдемі қамыр шығады:

Қамырдың илеуі қану үшін бетін біршама жауып қою керек, әрине ара арасында алып, бір илеп отырамыз. Ал ол уақыт аралығында керек өнімдерді турап шығамыз:

Енді қамырымызды жайып, арнайы босаған консерві ыдыстарымен немесе стаканмен дөңгелек пішінге келтіреміз:

Пішінге арнайы қағаз төсеп, жайып шығамыз:

Қалыңдығы мынадай:

Енді алымен кетчуп жағып алып, одан кейін кезекпе кезек өнімдерді қойып шығамыз. Соңында сырды үккіштен өткізіп себелеген дұрыс.Ескерту! Өнімдерді қалауызша қалап шығуға болады:




Осы қалпында 180 градустағы пешке 20 минутта пісіріп алыңыз. Дайын:


Айтпақшы, менде қамыры біршама қалып кетті. Қалған қамырды жайып, шоколадты үккіштен өткізіп, тосап салып жайдым да, рулет секілді орап, бетіне жұмыртқа жағып, пешке пісіріп алдым. Сосын оны суреттегідей турап, тоңазытқышқа бір сағатқа қойып алдым. Мынадай шедеуір шықты)))

Жаңа Жылдық дастарханыңыздың сәні болары анық. Ас болсын!

Пы/сы: Келе жатқан Жаңа Жыл құт әкелсін!

4 пікір

avatar
Ммм, тәбет ашылып кетті. Көп болды пицца жасамағалы да, жемегелі де :))) Осы пиццаға қамыр жаймай-ақ пісіретін түрі бар ғой, соны жасап көрдің ба?
avatar
Жоқ, негізі соны жасағым келген. Үйдегілердің тілегі бойынша осыны жасадым)) Алдағы уақыттарда жасаймын ғой, сен де қалыспа))
avatar
Ерекше болыпты. Шынымен де сөмкеге салып жүретін тағам екен. Маған ұнады.
avatar
Дәл солай))) Пойызға әсіресе керемет болатын екен. Айтпақшы, айранның орнына қаймақ болса тіпті керемет болатын еді))) Ал бетіндегі салмасын сіздегі пияз секілді жасаса қатып кетер еді. Сол сіздің пиццаның бетіндегі начинкасы қандай, не қостыңыз бетіне?