avatar

Мәзір: Пицца
Жарияланды Тіске басар

«Ас мәзіріне» жариялаған мәзірлерімнің ішінен пиццаның орны ерекше. Әдетте, достармен жинала қалсақ болды, көпшілік үшін тиімді болатын пиицаға тапсырыс береміз. Дәмді! Рас, сайтта өзге құрбыларымның дайындауымен пицца мәзірі ұсынылған болатын, бірақ бүгін өзімнің нұсқамды ұсынбақпын. Сонымен…
Пицца қамырын дайындаудың түрі көп. Соның ішінде ең тиімдісі әрі жиі кездесетін түрін төмендегі видеодан көре аласыз.



Осы әдіспен қамырымызды дайындап аламыз. Пісіретін табамыздың формасына шақтап жаямыз.


Одан кейін пиццаға қосатын заттарды қалауыңызша турап аласыз. Менің жағдайымда шұжық пен қияр алынды.


Мұның үстіне майонез, қызанақ, жұмыртқа, тұз бен бұрышты араластырып, қоймалжың салманы дайындап алдым.


Бөлек ыдыста ірімшікті үккіштен өткізіп қоямыз.


Негізгі құрам дайын, енді қамырымыздың үстіне салып, сәндейміз. Салманы салмас алдын қамырдың үстіне кетчуп жағамыз.


180-200 градус ыстық пеште 20-25 минут піскенше ұстаймыз.


Пиццаның формасын өзгертіп, мынадай мини-пицца дайындауға да болады.


Пицца дайын, ас болсын! :)

0 пікірлер

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!