avatar

Холодец
Жарияланды Тіске басар

Баршаңызға сәлем! Рамазан айында тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!

Холодец — сиыр сүйегін қайнату барысында дайындалатын тағам болғандықтан, адам сүйегі, буыны, сондай-ақ шаш, тырнақ, тері саулығы үшін таптырмайтын ем-дәм. Бәріне ұнай бермейтіндігімен де ерекшеленеді. Бүгін сіздерге өз нұсқамдағы холодец мәзірін ұсынамын.

Құрамы:
Сиыр сирағы, жылқы еті, сәбіз, пияз, сарымсақ, аскөктер, қара бұрыш, лавр жапырағы, дәміне қарай тұз.




Сиыр сирағын тазартып жуу керек, үлкендеу каструльге толтыра су құйып отқа қоямыз:


Бір қайнатып, көбігі шыққаннан кейін, суды төгіп тастап, тағы да мұқият жуып алу керек те, таза су құйып, жылқы етімен қоса қайта отқа қоямыз. Көбігін сүзіп алып тастап, қатты қайнауға жеткізбей 6 сағат бойына жәй бүлкілге қоямыз:


6 сағат өткеннен кейін пиязды турап, сәбізді бүтіндей және лавр жапырағын, бұрыш, дәміне қарай тұз саламыз:


Шамамен 2 сағаттан кейін сәбізді, жылқы етін, сиыр сирағын сүзіп алып сіңірін бөліп қалған соң сүйектерін қайта саламыз. Ал ет пен сіңірлерді майдалап тураймыз:


Енді тағы екі немесе төрт сағаттан кейін холодецті оттан түсіріп, сүзіп аламыз. Оттан түсірмес бұрын, бір бас сарымсақты аршып, тазартып, арнайы сарымсақ қысқашымен езіп саламыз, араластырамыз, бірден оттан түсіреміз:




Туралған ет пен аскөктерді сорпаға саламыз:


Егер сорпаңыз тым сұйық секілді болып тұрса, күдігіңізді сейілту үшін желатинді ыстық суда ерітіп қосып жіберсеңіз болады. Осы қалпында кішкене уақытқа суытып қою керек:


Ал, сол кезде:


Енді дайын ыдыстарға сорпаны құямыз. Осы қалпында суытып қою керек. Суыған соң бетін жауып, тоңазытқышқа орналастырамыз:


Дайын холодецті сәндеп ұсына берсеңіз болады. Негізі гүлді сәбіз бен ақжелкенді астына емес, бетіне салған дұрысырақ секілді:


Қалған кішкене холодецті пиалайға құйып қоя салған едім, әдемі шықты)) Негізі сәнді ыдыстарға құйып, сәндеп алған тәбетті керемет ашар еді:




Ас болсын! ))

7 пікірлер

avatar
Ең жақсы көретін тағамымның бірі, негізі бастың етінен қосатын сияқты еді. Атын кей жерде қазақша "іркілдек" деп атайды екен, ұнамайды, ыңғайсыз ат сияқты, оданда осы «холодец» бола бергені жақсы сияқты.
avatar
Аха, ыңғайсыз секілді)) Бастың етін де, тауықтың етін де, қалағаныңызды қосуға болады негізі. Ас болсын!
avatar
Жарайсың Көркемтай, тәбетті ашады, ұрып тұр.
avatar
иии) жандарым соол, жақсы көрем ғо сендерді)) керемет))
avatar
Мына сайтқа қазір кірмей ақ қойғаным дұрыс ааау)) Қарнымның ашқаны есіме түсіп кетті)) Өзің де қалай шыдап жүр екенсіңии ораза ұстап, әрі мынаны күндіз салып))
avatar
Жақсы-ақ шығыпты!