avatar

Рафаэлло конфеттері
Жарияланды Тәтті-пәтті

Қайырлы кеш! Тәттіні жақсы көрмейтін жан жоқ шығар, сірә?! Әсіресе, Рафаэлло конфеттері көңіл күйді көтерері анық! Сондықтан да, көңіл күйлеріңіз тамаша болсын деген ниетпен үй жағдайында Рафаэлло конфеттерін дайындау әдісін ұсынайын:)
Керек заттар:
— сгущенка 1 дана
— кокос жоңкасы (стружка) 200 г
— фундук


Алдымен, сгущенка мен кокос жоңқасын араластырамыз. Жақсылап араластырғаннан кейін,1 сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз.Қоймалжың болуы үшін)

Ал оған дейін фундукты қуырамыз, сосын қабығынан тазалаймыз.Өйткені қуырылған және аршылған фундук дәмді болады)

1 сағаттан соң, тоңазытқыштан тәтті массамызды шығарып алып, конфет жасауға кірісеміз.

Суреттегідей қылып аламыз да, ортасына фундукты саламыз.Содан кейін домалақтаймыз
Басқа ыдысқа кокос жоңкасын салып алып, домалақ конфеттерімізді кокос жоңқасына кезек кезек аунатып аламыз…
Міне үй жағдайында жасалған Рафаэлло конфеттеріміз дайын


Шәй тәтті болсын)Хэппи енд:)
Пайдалы кеңес; Сгущенкаңыз өте қою болғаны жақсы, кокос жоңкасының ірі болғаны дұрыс.

3 пікір

avatar
Дәмді екені көрініп тұр)) күшті♥
avatar
Уаааай, джындыкен :)))Қоспа сұйықтау болған сияқты.
avatar
Уа ча, Наргиз қолыңа қуат берсін! )