avatar

"Тау" торты
Жарияланды Тәтті-пәтті

«Тау» торты сіздің жақсы атыңызды шығарады. Себебі сол, ол өте дәмді, адамның көңілін дөп басады, жасалуы да аса қиын емес. Сенбесеңіз байқап көріңіз!

Торттың құрамына: қамыры үшін:
* жұмыртқа — 3 дана;
* маргарин немесе сары май (слив, масла) — 250 гр;
* шекер — 1,5 стакан;
* ұн — 3 стакан;
* сода (сірке суымен бастырылған) — 0,5 шәй қасық;
* ванилин — 1 пакетик;
Кремі:
* қаймақ — 0,5 кг (400 гр. 20 %);
* шекер — 1 стакан;
Сәндеу:
* шоколад (Қазақстан)
* сүт — 30 гр;

Дайындау сатысы:
Сары майды ерітіп аламыз:


Жұмыртқа мен шекерді шанышқымен жақсылап араластырып аламыз (миксердің көмегіне жүгінуге болады). Оның үстінен қаймақты, еріген сары майды, ванилинді салып, соданы сірке суымен бастырып саламыз:


Жақсылап араластырып болған соң, ұнды елеуіштен өткізіп саламыз. Елеуішпен өткен ұн ауамен араласып, қамыр арасы жақсы пісетін болады:


Мынадай қоймалжың шығады:


Осы қалпында бірнеше минутқа қалдырсаңыз, қамыр қолға жабыспайтындай дәрежеге жетеді. Одан кейін қызған пішінге фольга немесе арнайы қағаз төсеп торттың ең астыңғы қабатын пісіріп аламыз:



Қалған қамырды құрттың көлеміндей етіп дөңгелектеп саламыз. Араларын ашық қойған дұрыс, пісу барысында көлемі екі есе үлкейеді:



Кремін дайындау оп-оңай, қаймақ пен шекерді жақсылап араластырып алсаңыз жетіп жатыр. Енді астыңғы қабатына жағып шығамыз:


Ал кішкене бөліктерді крем ішіне салып, араластырамыз:


Одан соң оларды рет-ретімен орналастырамыз:



Сүт пен шоколадты ысытып, шокаладты ерітіп аламыз. Оттан түсіріп, жаұсылап араластырсаңыз қоюлана түседі:


Енді оны «тау» басынан құйсаңыз, шынында тау секілді болады (оның үстінен шекер ұнтағын (сахарная пудра) сеуіп қойса, қар секілді болады):


Дайын болуы үшін бірнеше сағатқа тоңазытқышқа немесе салқын жерге қалдырыңыз.


Ас болсын!

2 пікір

avatar
Пряник сияқты етіп те қоюға болады екен, жақсы-жақсы!
avatar
Қолыңыз дерт көрмесін)Күшті прям))