avatar

Сүзбе қосылған кекс
Жарияланды Тәтті-пәтті

Сәлем бердік, Асмәзірлік жолдастар!
Сүзбе қосылған кекс дайындау үшін қажет өнімдер:
Сүзбе — 250 гр;
Жұмыртқа — 2 дана;
Шекер — 200 гр;
Сары май немесе маргарин — 200 гр;
Қаймақ (майлылығы 20%) — 2 ас қасық;
Ұн — 320 гр;
Сода — 0,5 шәй қасық (сірке суымен бастырылған)
Дайындау жолы: шекер мен жұмыртқаны миксермен ақуызданғанша араластырамыз, дегенімен мен шанышқының көмегіне жүгіндім. Оның үстінен сүзбені майда торкөзден өткіземіз:

Сары майды ерітіп аламыз:

Суыған соң сары майды құйып сірке суымен бастырылған сода саламыз:

Жақсылап араластырып, қаймақ саламыз, араластырамыз:

Ұнды елеуішпен елеп, ауамен араластыра салған дұрыс:

Жақсылап араластырамыз. Мынадай қоймалжың шығу керек:

Қызған арнайы пішіндерді сары маймен майлап қоймалжыңды аса толтырмай саламыз:

180 градустағы пеште 15-20 минут шамасында пісіріп аламыз. Осылай көтеріледі:




Сүзбе қосылған кекс дайын. Шәйға ұсынуға болады =))


Ас болсын!

4 пікір

avatar
Әдемі көрінеді екен)))
avatar
Нарайға айт, жасасын))
avatar
ауамен араластыра салған
Ауасынес и? Күшті!