avatar

Жеңіл торт (Ленивый торт)
Жарияланды Тәтті-пәтті

Бәріне сәлем! Бұл менің алғашқы жазбам… Осы сайтқа Көркемнің арқасында келгем.СЖның чатында отырғанда айтты) Былтыр тіркеліп қойған едім… Енді осы жылы сіздерді әр түрлі мәзірлермен қуантып тұратын боламын..Өзім тез дайындалатын тағамдарды ұнатамын. .Студент болғасын шығар
Сіздерге оп-оңай торттың рецептісімен бөліспекпін… Ал енді іске сәт!!!
Қажетті заттар:
Ұн – 1 стакан (200 г)
Секер (сахар) – 1 столовая ложка (қазақшасын білмедім)
Майонез Калви – 1 пачка (200г)
Жұмыртқа – 3 дана
Кремге:
Қаймақ
Секер

Бірінші 3 жұмыртқаны, секерді салып жақсылап араластырамыз.Бір жұмыртқаның ішінен 2 сарысы шықты.Күтпеген жағдай))

Содан соң, оған майонезді салып араластырамыз.Біркелкі массаға 1 стакан ұнді салып, түйіршікті жойып жақсылап араластырамыз..Қоймалжың масса шығу қажет.

Пісіретін табаға, сарымайды жақсылап жағып, жанағы массаны құямыз.Газдың духовкасына, жай отта пісіреміз.
Бисквитіміз дайын болғанша кремді жасаймыз.
Қаймақпен секерді жақсылап араластырамыз.Крем дайыыыын))
Бисквит пісті:

Енді осы бисквитті 2 коржге бөлеміз

Содан соң, кезектен екі коржге кремді жағамыз.Содан соң қайтып біріктіреміз…
Енді тортымыздың үстін әдемілеуге кірісеміз.Үстіне крем жағамыз…

Теркадан шоколадты өткіземіз…

Міне тортымыз дайын..Ас болсын!!!
Хэппи енд))


Пайдалы кеңес:
Бисквиттің піскенін білу үшін, ең ортасына зубочистканы тығып көру қажет.Егер зубочистка құрғақ болып шықса піскені, ал дымқыл болып шықса шикілеу екенін білдіреді..
    Мәзір ұнады ма? Достарыңмен бөліссең ше?

14 пікірлер

avatar
Керемет жаным! Әдемі шығыпты!
avatar
рахмет, саған ұнаса болдығой:)
avatar
Үмітті ақтағаның үшін мың алғыс! Қандай ғажап, сенен көп мәзірлер күтеміз. Тоқтама, тек қана алға!
avatar
рахмет, бұйырса жазбаларымның саны артады))
avatar
Жаман емес жалпы. Жақсы екен мына сайт.
avatar
Бір кездері маған әрбір сайттың айтеуір бір нәрсесі ұнамай шығатын, ойымдағыны істесе екен деп қалайтынмын іштен, енді сіздерден соны сұрағалы отырмын, өз асмәзірі сайттарыңыздың ұнаған, ұнамаған кез-келген үн қатуларыңызға қуанатын боламын. Оларды естіп, іске асыру мен үшін үлкен құрмет.
avatar
Наргиз? есімің керемет екен, тез дайындалатын туралы маған да ұнайды)) енді сенің оқырманыңмын, ер бала болсамда)) айтқандай, асмәзіріндегі алғашқы мәзірің құтты болсеееан!
avatar
ия, рахмееет!Қуаныштымын:)
avatar
1 столовая ложка
«1 ас қасық» деп қолдансаңыз болады. Сосын суретегі разрыхлительді қай жерінде қолдандыңыз? Жақсы мәзір!
avatar
майонезбен араластырамыз)
avatar
Жақсы шығыпты, сахардың қазақшасы қант немесе шекер
avatar
Бізде секер дейді)Рахмет)
avatar
Бұл керемеееееееет мәзір. Менде тамаша шықты