avatar

"Шырша" печеньесі
Жарияланды Тәтті-пәтті

Саламатсыздар ма!
Бүгінгі печеньенің атын білмеймін негізі)) Маған бұл печеньенің жасалу жолын Керекинфолық Айым есімді бикеш ұсынды. Өкінішке орай, ол өзі жасаған мәзірлерді компьютеріне енгізе алмай жатқан көрінеді. Ал ол жазып берген кереметтей, әрі жасалуы оп-оңай мәзірді сіздерге қуана-қуана ұсынбақпын))

«Шырша» печеньесі үшін қажет өнімдер: Маргарин — 1; Жұмыртқаның сарысы — 3 дана; Ұн — 1 ст; Қопсытқыш — 1 пакетик; Шекер — 6-7 ас қасық; Қойытылған сүт; ЭмэмденС шоколады;



Жұмтқаларды қабығымен қайнатып аласыз. Бізге оның сарысы қажет. Үй температурасында еріп тұрған маргаринге жұмыртқа сарыуыздын қосып, шанышқымен езіп араластырамыз:



Енді қопсытқыш пен ұнды салып, қолға жабыспайтындай етіп не қатты емес, не жұмсақ емес қамыр дайындаймыз. Мен сол бір ғана стакан ұн салып істедім алғаш, содан пісіргенде жайылып кетті. Сондықтан 1,5 стакандай ұн кетеді:


Қамырымыздың шетінен бөліп алып құрт секілді екі-екіден дөңгелетіп шығамыз. Аз секілді көрінсе де бір бітпей кетеді ше)) Үлкендігі маслинадай-ақ болсын, себебі піскен кезде екі есе үлкейіп кетеді деп еді Айым, рас болып шықты:


Арасын ашық етіп арнайы қағаз төселген пішінге орналастырып шығамыз. Рас, арасы ашық болсын, болмаса екі есе үлкейгенде бір біріне жабысып алады:


180 градустағы пешке 5 минутқа да жеткізбей пісіріп аламыз. Құрамындағы өнімдердің бәрі шикі емес болғандықтан демде піседі. Өз басым астын кішкене қызартып пісіріп алдым:


Дайын печеньелер. Осы қалпында шәй ішуге ұсынуға болады, себебі мына печеньелер ауызда кереметтей еріп тұрады, дәміне базар жоқ::


Айым маған қойытылған сүтті отта кішкене қайнатып, үстіне сары май немесе маргарин қосып сұйылтып аласың деген. Бірақ мен қойытылған сүттің шоколадтысын алып еріттім. Пирамида секілді қалап шықтым. Шамасы, менің шоколадты құймам қою болып қалды ғой деймін, бірақ, өзіме сұмдық ұнады:


«Оның үстінен кокос ұнтағын себесің, қар секілді болуы керек» деп еді, мен кокос ұнтағын таппадым, дұрысы, іздеп те жатпадым. Оның орнына қант ұнтағын сеуіп, эмэмденС шоколадымен сәндеп шықтым. ЭмэмденС шырша ойыншығы секілді:


Қарапайым ғана болса да ғажап көңіл күй сыйлай алатын осынау мәзірмен бөліскені үшін Айымға мың алғыс айтамын! Баршаңызды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, сәттілік тілеймін!

Пы/сы: Айым, мен уәдемде тұрдым, дос. Алдағы уақытта өзің де мәзір сала аласың деп үміттенемін))
    Мәзір ұнады ма? Достарыңмен бөліссең ше?

2 пікір

avatar
Уххх, мен печенье жасасам қатты боп қала береді. Бұрын сүзбемен жасағам, оңай көрінівед бірақ пісіргенде қатты боп қалД. Мынау қалай болар екен деп ойлап отырм, оңай да :)))
avatar
Шынымен ұнды 1 стаканна аса асырмай жұмсақ илесең құщті болады, қолға аз маз жабысса да амалын тауып, кез келген пішінде пісіре бересің. Жұмсақтығына базар жоқ, ауызда ериді)) Мендегі печеньелер де қатты болушы еді, ал мынаны рекемендеймін))