avatar

Дәмді әрі тез пирог
Жарияланды Тәтті-пәтті

Саламатсыздарма!
Бұл менің алғашқы постым.Егер қатеілктер кетіп жатса кешіріп қойыңыздар))
Дәмді әрі тез пирогты дайындау үшін бізге мынандай азық-түліктер қажет:
  1. Айран — 500 грамм
  2. Қаймақ — 400 грамм
  3. Шекер — 2 стақан 
  4. Ұн — 3 стақан ( жалпы 400 грамм)
  5. Ас содасы — 1 шәй қасық
  6. Жұмыртқа — 2 дана



Айранға ас содасын қосып көпіртеміз.


 
Үстіне шекер, жұмыртқа және қаймақты саламыз да, барлығын жақсылап араластырамыз. Одан кейін ұнды себелеп қосып, бұлғағышпен араластырамыз. Қоспамыздың қою болғаны дұрыс.

 

Формамызды майлап, үстінен дайын болған қоспаны саламыз.

 

Алдын ала қыздырылған духовкаға 200 градусқа 30 минут қоямыз. Піскенін білу үшін сіріңке немесе тіс тазалағышпен шұқып көруге болады.Ас дәмді болсын.

    Мәзір ұнады ма? Достарыңмен бөліссең ше?

7 пікірлер

avatar
Пирог деген менде үнемі сәтсіз шығушы еді, мынаны байқап көрермін және міндетті түрде бөлісетін боламын. Қолыңызға қуат берсін, Аллаһ! ))
avatar
Көркем? пойыздағы жегенді айтсайш)) пах пах, дәмі әлі аузымда, осы қолданушының қолынан жасалынған еді ғо иә солар))
Сол нәрселерді қалай дайындағанын көрсетсе ғо иә? Көруге үміттенемін.

avatar
МашАлла, ұмытып кете жаздаппын)) Әлгі пиццаның да жасалу жолын салса қатып кетер еді. Еске жақсы салдың))
avatar
ИншаАллаһ жақында салып қалармын
avatar
Көтерілмей қалған сияқты екен, тығыз болмады ма?
avatar
маған бір ой келеді, егер арасына крем жағып, бір-бірімен қалап шықса қалай болар екен деп))