avatar

"Тәуелсіз Қазақстан" торты
Жарияланды Тәтті-пәтті

«Тәуелсіз Қазақстан» торты еліміздің бүгінгі мерекесіне арналады. Еліміз тыныш, деніміз сау болып мына тортпен шәй ішіңіздер! )) Мәңгі жаса, жасай бер, Қазақстан! Торт құрамына: Ұн 500 г Сары май (сливочное) 250 г Шекер 200 г Жұмыртқа 2 шт. Қопсытқыш 15 г (бір пакетик) Ванилин Малина тосабы (немесе қалауыңызша павидло) Крем: Арнайы ванилді құрғақ крем Сүт — 1 стакан Сары май — 1 ас қасық Дайындау жолы: Жұмыртқаның сарысын ағынан бөліп алып, шекермен араластырамыз: Ванилин, қопсытқыш (сірке суымен бастырылған сода да жарайды) қосып, ерітілген сары май құямыз:
Жұмыртқаның ағын бөлек ыдыста миксермен көпірте араластырамыз:

Көпіршіген ақуызды, сарыуызға қосып, мұқият араластыру керек

Ұн қосып, жұмсақ қамыр илейміз. Жұмсақ етіп илей беріңіз, құрамында май болғандықтан қолға жабыспайды:

Үшке бөліп, тоңазытқышқа 1 сағатқа ызғытыңыз:


Дайын тәтті қамырды арнайы пешке арналған қағаз үстінде жайыңыз. Қамыр үгітілмелі болғандықтан бірдан қағазымен қоса пішінге салуға ыңғайлы:
Бірден пішінін келтіріп алғаныңыз өзіңізге жақсы:
180 градустағы пешке 10 минут шамасына пісіріп алыңыз. Тәтті нандар аса қатты күйіп кетпегені жөн. Ашық түсті, алтынға ұқсаған соң пештен шығара беруге болады:
Енді кремін дайындайық. Мендегі арнайы құрғақ крем мынадай:
Артқы жағында қалай дайындалуы туралы жазылған. Салқын бір стакан сүтке құрғақ кремді салып, миксермен қоюланғанша араластырасыз 2-3 минут шамасында. Бір ас қасық сары май салып және 2 минут араластырасыз. Дайын:

Енді екі тәтті наның бетіне тосап жағып шығыңыз. Мендегі тосап малинадан жасалынған, қалауыңызша кез келген тосап немесе павидло қолдана аласыз:

Тосап үстінен крем:

Бір бірінің үстіне қойып шығыңыз:

Кремнің біраз бөлігін бөлек алып көк бояумен араластырыңыз. Мендегі бояу мынадай:


Көк креммен тортты толық қамтып шығыңыз:

Тәтті наның қалған артық бөліктерін оқтаумен майдалаңыз. Бұл торт айналасын көмкеру үшін қажет:

Көк ту суретін келтіру үшін қалған кремді сары түске бояңыз. Пайдаланыңыз:

Тортты 2-4 сағатқа тоңазытқышқа қойып алсаңыз артықтық етпейді:

Тәтті өмір тілеймін!

Мерекең құтты болсын, Қазақ Елі!

14 пікірлер

avatar
Уаааааааааау, мына қызға ғашық болмай көріңдер ал! Сұмдық енді, ерекше!
avatar
))) қайдағыны айтпа рахмет!
avatar
Зооор, күшті)) Бүркітің жақсы шығыпты)) Жегім кеп кеткенііі) Құтты болсын мейрам барлықтарыңызға.
avatar
Көп рахмет)) Оюы да күшті шығар ма еді, құртып алғаным. Арнайы сондай кремге арналған зат аламын ғой деймін
avatar
Керемет. Патриотты пирог. Қатты ұнады.
avatar
құдай қаласа асмәзірінің аспаздары, алдағы уақытта бір жерде танысып, білісіп, жиналатын болады, тағы да құдай қаласа. Керемет болмақ… меніңше сол кездесуде тек қыз-келіншектер болады ау, ұл балдарсыз, уақытында көрерміз иа)).
avatar
))) Құдайқаласа
avatar
Уау, уау, жақсы әңгімелер екен бұл. Бізде, тек қана бізде жиналамыз
avatar
Жақсы шығыпты! Жарайсың!