avatar

"Асмәзірі" торты
Жарияланды Тәтті-пәтті

Баршаңызға қайырлы күн!
Бүгін — жұма. Осынау қасиетті күні сайтымыз жарыққа шықпақ. Осы қуанышымызға орай торт ұсынғым келеді.

«Асмәзірі» тортын жасау үшін сізге ең алдымен кереметтей көңіл күй керек-ақ. Одан кейін: жұмыртқа — 8; шекер — 2 ст; ұн — 1,5 ст; ванилин — 1; қойытылған шоколадты сүт — 1 құты; қаймақ (майлылығы 15%) — 1 құты; лимон — 1; бояу;
Жасалу жолы: Жұмытқаның алтауын алып, ағын сарысынан бөліп аламыз. Ағына құмшекерді қоса отырып, миксермен қоюланғанша араластырамыз, шамамен 8-10 минут. Ал сарысын бөлек ыдыста ванилин қосып шанышқымен араластырасыз. Жұмыртқаның ағына сарысын бірте бірте қоса отырып миксерді тоқтатпаған күйі араластырамыз:

Дайын болған қоймалжыңды екіге бөліп, екіншісіне жасыл түсті бояу қосамыз:

Әр қоймалжыңға стаканның жартысынан көп ұн қосып астын үстіне былғай отырып, мұқият араластырамыз (өкінішке орай біраз суреттер күйіп кетті((() Қызып тұрған пештегі пішінге арнайы қағаз төсеп, үстін майлап, ақ қоймалжыңды да, жасыл қоймалжыңды да екіге бөліп 15 минут аралығында пісіріп аламыз:
Екі түрлы крем дайындау керек, ерекшелік үшін)) Ақ түсті крем дайындау үшін екі жұмыртқаның ағын алып, лимонды сығып миксе
рмен жақсылап араластырамыз, қою болғанша. 1 стакан шекерге жарты стакан су құйып, баяу отта 20-25 минуттай ұстаймыз. Араластыра отырып, сарғыш түске енгенше қайнату керек. Еріген шекер сусынын жұмырқаның ағына қосып тағы араластыра түсеміз. Дайын:

Екінші крем тіпті оңай, қойытылған сүт пен қаймақты миксермен араластырып жіберсеңіз жетіп жатыр:

Екі түсті тәтті нандарымызды ақ-жасыл етіп бірінің үстіне бірін кезекпе кезек орналастырып шығамыз. Орналастыру барысында әр қайсысының үстіне қара және ақ крем жағып шығу керек:


Енді тортты сәндеу керек. Тортты сәндеу үшін мен маршмеллоу пайдаландым (ол жайлы келесі постымда толықтай тоқталармын).


Торт дайын болу үшін тоңазытқышқа 6-8 сағатқа ызғытыңыз)))


Ас болсын!

Құттықтаймын!

14 пікірлер

avatar
мен де жейнш)) қалды ма дегенім ғо)) Құтты болсын, жеттік ау ақыры бұл сәтке де, сайттың ашылуына. ))
avatar
))
avatar
бәрімен бөлісуді бастаймыз ау, кішкентай торт болса да))
avatar
Маған маршмеллоу дегенің қызық болып тұр :)
avatar
Орысша сайттарда қаптап тұр ғой))) Жазармын әлі
avatar
Құтты болсын сайт, өсе беріңдер! Профи боласың мына қарқынмен сен, алға! :))
avatar
неге өсе бермеске бірге?..
avatar
Бірге болсын.
avatar
Құтты болсын!!! Торт керемет!
avatar
Бул тортты ким жасаган? татти коринеди екен)))
avatar
Көркем бикеш жасаған ғо(авторы жоғарғы жағында тұрады)
avatar
Құттықтаймын! Биікке өрмелей беріңіздер!