avatar

Бал қосылған торт
Жарияланды Тәтті-пәтті

Сәлем, достар! Бүгін сіздерге біреуге оңай, біреуге қиын торт мәзірін ұсынбақпын. Орысша «Медовик», қазақша «Бал қосылған» бұл торттың аты айтып тұрғандай, тортқа бал (кей адамдар әсел деп атайды) қосылып жасалғандығымен ерекшеленеді. Құрамы: Қамырға: маргарин немесе сары май — 100 грамм гр шекер — 200 гр бал — 2 ас қасық жұмыртқа — 2 дана ас содасы — 1 шай қасығы ұн — 300-500 гр Кремге: қайнатылған қою сүт (вареное молоко) — 1 құты сары май — 300 гр Алдымен, тортты қамырды дайындаудан бастаймыз. Ыдыста қайнап тұрған судың үстіне тағы бір ыдыс қойып (яғни, буда ерітеміз), майды ерітіп, үстіне шекерді салып 5-7 минут араластырамыз, шекер (қант) еріген соң, үстіне балымызды салып тағы араластырамыз. Шекер мен бал еріген соң, үстіне соданы салып 5-7 минуттай араластырамыз. Оттан қоспаны алып, үстіне жұмыртқаны қосып араластырамыз. Жұмыртқаны жарған соң, тез-тез араластыру керек. Әйтпесе, жұмыртқа пісіп кетуі мүмкін. Одан кейін қоспаға ұн салып, жұмсақ қамыр жасаймыз. Қамыр дайын болған соң, 7-8 бөлікке бөліп, домалақтаймыз. Домалақтанған қамырды пеш ыдысын төңкеріп жұқа етіп жаямыз (бұл оқтаумен жайғанда ыңғайлы болады). Өзімізге ыңғайлы қалыппен шетін кесіп қоямыз. Піскенде тез кесіп алу үшін. Ал кесілген бөліктері торттың бетін әрлеуге пайдаланамыз. Сонымен, жайылған қамырды 200 градуста 3-5 минутта пісіреміз. Піскен шелпекті (корж) жабысып қалмас үшін тез-тез алу керек. Дайын тәтті нандарды пісіріп болған соң, кремін дайындаймыз. Алдымен майды, сонан соң қайнатылған сүтті миксермен араластырып, үлпілдеген крем ажсаймыз. Шелпектерді кезектестіре отырып, арасына дайын кремді жағып шығамыз. Ал, шелпектің қалған піскен бөліктерін ұсақтап торттың бетін әрлейміз. Міне, торт дайын! Ескерту: крем торттың арасына сіңу үшін, тортты тоңазытқышта 5-6 сағат тұру керек.

10 пікірлер

avatar
Ғажап! менің нұсқамдағы бал тортынан өзгешелеу екен, ұнады))
avatar
иа, негізі жасалу түрлері көп. Ұнағанына қуаныштымын! :)
avatar
неше уақытта дайын болады? (орташа жобамен) (осы мәзір ішіне ендігі жолы уақытында жазған дұрыс аау, білгім келеді дә тұрады)
avatar
1 сағаттай уақыт кетеді, дайындап біткенше :)
avatar
сонда толық дайын болу уақыты (жобамен) тоңазытқышты есептегенде жеті сағаттай болды ғой иә?
avatar
уау, керемет!
avatar
Біз кішкентай кезде осыны мама жиі жасаушы еді, ол кезде «хит» торттардың бірі еді ғой. Қазір мүлдем ұмытып қалыппын осыны. Бір қабат үшін ғана ма аталған заттар, әлде сол бір қамырды бөлшектеп тастау керек па?
avatar
сол бір қамырды 7-8 бөлікке бөлесің.
avatar
Мен мұны үйде жасап көрдім, басқаша, бірақ осыған ұқсайтын рецеппен. Өте дәмді болды.