"Көңілді түстер" торты
Жарияланды
Тәтті-пәтті
Қайырлы күн, жолдастар!
«Радуга» атымен танымал бүгінгі тортымыз соноооу ағылшын елінің ойлап шығарған позитиві болса керек. Шамасы, бұл тортпен бәріңіз де таныс боларсыздар. Қуаныш сыйлай алатын осынау торт, әсіресе балалардың бақыты секілді.
Көңілді түстер торты үшін қажетті өнімдер: шекер — 2 ст; жұмыртқа — 10 дана; ұн — 3 ст; сіркесуымен басылған сода; арнайы бояулар; сары май — 200 гр; қойытылған сүт — 1 құты;
Дайындалу сатысы: Ыдысқа жұмыртқалардың бәрін жарып салыңыз:

Жұмыртқаның үстінен шекер салып шанышқымен араластырасыз, жұмысыңызды жеңілдету үшін миксер қолдансаңыз да болады. Араластыру қанты ерігенше:

Сіркесуымен басылған сода салып, ұн салып араластырамыз:

Құймақтан сәл қоюлау қоймалжың болып шыққаны дұрыс. Оны әр ыдысқа тең бөлу керек, бояу үшін және бояйсыз да:

180 градустағы пешке, астына арнайы қағаз төсеп, әр түрлі түсті қоймалжыңды 10 минут шамасында пісіріп алыңыз:

Крем дайындау аса қиын емес, бастысы миксеріңіз аман болсын. Үй температурасында еріп тұрған сары майды миксермен біркелкі күйге енгенше араластыра түсіңіз. Үстіне қойытылған сүтті бірте-бірте қоса отырып және араластырасыз. Крем дайын:

Түрлі түске ие коржіктерімізді бір пішінге келтіреміз:

Арасына крем жағып шығамыз:

Айналасына да крем. Сосын қалауыңызша сәндей аласыз:

3-4 сағатқа тоңазытқышқа қалдырыңыз. Торт дайын:

Асыңыз дәмді болсын!

Пы/сы: торттың жасалу үлгісі өзге тілді интернет беттерінен алынды.

5 пікірлер