Мәзір: "Инь & Янь" пирогы
Жарияланды
Тәтті-пәтті

Құрамы:
қамыр үшін:
- 1,5-2 стақан ұн;
- 0,5 стақан қант;
- 200 гр сары май/маргарин;
- 1 шай қасық ас содасы (сөндірілген) не қопсытқыш;
салма үшін:
- 400-450 гр сүзбе;
- 3 дана жұмыртқа;
- 0,5-1 стақан қант;
- ванилин, мак, қант ұнтағы, какао;

Дайындалуы:
Қамырға қажетті ұн, маргарин, қант, қопсытқышты үлкен ыдыста араластырып, алақанымызбен ысқылай отырып, үгілмелі қамыр дайындаймыз.


Салманың заттарын да өзара біріктіріп араластырып қоямыз.


Пирог пісіретін ыдысты алып, алдымен астына үгілмелі қамырдың 1/3 бөлігін саламыз.

Оның үстіне дайын салмамызды салып, ыдысты толық көмкереміз.

Қалған қамырымыздың 2/3 бөлігімен салманың бетін толық жауып шығамыз.

Енді «инь янь» белгісіндей етіп какао ұнтағын сеуіп шығамыз. Ыстық пеште 180 градус температурада 20-25 минут пісіреміз.

Дайын болған пирогтың үстіне қант ұнтағын сеуіп әрлейміз. Мәзір дайын!

Ас болсын! :)
15 пікірлер