avatar

"Ғажайып" торты
Жарияланды Тәтті-пәтті

Кішкене ғана «жындану» — сосын сіздің дастарханыңызда ҒАЖАЙЫП торты!
"Ғажайып" тортын даярлау үшін бізге керек өнімдер тізімі:

1. Сары май (жұмсақ) — 300 гр;
2. Жұмыртқа — 6 дана;
3. Шекер — 350 гр;
4. Бір шымшым тұз;
5. Ұн — 300 гр;
6. Крахмал — 100гр;
7. Қамыр қопсытқыш — 1 п;
8. Қою қойытылған сүт — 1;
9. Қаймақ — 250 гр;
10. Сүт — 100 гр
11. Көтеріңкі көңіл-күй — 100%;

Дайындау «айласы» : "Ғажайып" торты ғажап болуы үшін алдымен көңіл-күйді ретке келтіріп алу керек, одан кейін іске кірісе берсеңіз болады. Үй температурасындағы сары майға шекер, тұз салып миксермен біркелкі күйге енгенше араластырасыз. Қоспаға жұмыртқаны миксерді тоқтатпастан бір-бірлеп саласыз. Бөлек ыдыста ұн мен крахмал, қопсытқышты араластырып қоспаға сүтпен бірге кезек салып араластырасыз:

Одан кейін, пішінге (форма)арнайы қағаз төсеп, майлап аласыз да қоспаны құясыз. 180 градуста пешке 25-30 минут ішінде пісіріп аласыз:

Бисквитті екіге бөліңіз. Енді кремін дайындаймыз, ол үшін қойытылған сүт пен қаймақты миксермен араластырасыз. Дайын! Әдеттегідей кремді арасына жағасыз:

Ал енді қалауыңызша сәндейсіз:

7 пікірлер

avatar
Ғажап өмір десеңші! ))
avatar
Бізбен бөліспей қалай жалғыз жедің екен а?! Ойнамайм :)
avatar
Құдай ақы, мынау менің мәзірім емес, аптырына назар салыңыз ойыбаЙ ))
avatar
Уот именно авторын көріп барып, қалай ғана Көркем өзі жеееп алды екен жеңгесінің мәзірін деп қоям :))))
avatar
Мен жеп қойғанмын ғой
avatar
)))) дәмі керемет ештеңесінде өзгерткім келмейді. Бәрі тамаша!