avatar

Шын жүректен!
Жарияланды Тәтті-пәтті

Құрамы:
  • ~1,5 стакан ұн
  • 100 г сары май
  • 1 жұмыртқа
  • 2-3 ас қ. секер
  • 1 ш. қ. ваниль секері (ванильный сахар)
  • 2 ас қ. какао
  • 10 г қопсытқыш
  • «Нутелла» (350 г. банканың жартысын қолдандым)

Дайындалуы:
Майды секер мен ваниль шекерімен соғып алыңыз да оған жұмыртқаны қосып, қопсытқыш пен какао араласқан ұнды салып жұмсақ қамыр дайындңыз. Печеньеге пішін берудің екі жолы бар:
№1.
Грек жаңғағының көлеміндей етіп қамырдан шар дайындап, саусағыңызбен басып шұңғыл жасаңыз да ортасына нутелланы салып, бітеп, алақаныңызбен шар пішінге келтіріңіз.
немесе №2.
Қамырды 5 мм. қалыңдықта илеп, диаметрі 5 см. болатын стаканмен шар ойыңыз. Ойып алған дөңгелек пішінді қамырыңыздың ортасына нутелланы салып, дәл сондай екінші дөңгелекшемен жауып бітеңіз. Печеньенің жан-жағын тегістеу үшін стканмен тағы бір ойуға болады. 180 градуста 15 минут пісіресіз. Бәріне ұнайтын өтеее-мөтее дәмдііі печенье!!) Тек мақтау еститін боласыз)

1 пікірлер

avatar
Кушти екен миндетти турде жасап корем