avatar

Гул печеньелері
Жарияланды Тәтті-пәтті

Құрамы:
●200 гр. ұн (қажетіне қарай бұл мөлшерден көп кетуі де мүмкін)
●150 гр. маргарина немесе сары май
●6 ас қ. қаймақ
●100 гр. секер
●шымшым тұз
●1 ш. қ. қопсытқыш
●ванилин
●2 ас қ. какао ( 50 гр. шоколадпен алмастыруға болады)
Дайындалуы:
Маргарин, қаймақ, секер, тұз, ванилин, қопсытқыш бәрін қосып 2 бөлікке бөліңіз де біреуіне какао ұнтағын қосыңыз.
Екі бөлікке ұнды тең бөліп ,қолға жабыспайтындай, жұмсақ қамыр дайындап, оны жарты сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз.

Қамырды алып 3-4 мм. қалыңдықта илеңіз. Және дөңгелек етіп қалыппен немесе стаканмен ойыңыз. (диаметрі шамамен 6 см.) Печеньенің пішінін жасау үшін 2 ақ, 2 қара дөңгелекшеден алып, түстерін кезектестіре орналастырып, ораңыз. Ораманы екіге кессеңіз, екі бөлік гүл пішіндес печенье дайын болады. Майлап алған қалыпқа печеньелерді орналастырып, 180 градуста 15-20 минут пісіріп алыңыз. Сәнді, әдемі, дәмді!))



3 пікір

avatar
охһһ, жегім кеп кетті ғо, өзің печеньидің ммәстері сияқтысың ғо)) қолың дерт көрмесін :) немен түсірілген, не сотка? фотоаппараты мықтысы керек екен ғой иа
avatar
Рахмет)) Соткамнын камерасын тамақ дайындап жүрген ққолыммен ұстап бүлдірдімғо деймін… негізінде жақсы түсіретін))
avatar
Уау, бұл маған ұнайды!
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!