avatar

Түрлі түсті кекс
Жарияланды Тәтті-пәтті

Құрамы:
Ұн – 1 стакан
Маргарин немесе сары май – 125 г.
Секер – 1 стакан
Жұмыртқа — 3 дана
Өсімдік майы – 2 ас қасық
Қопсытқыш – 1 шай қасық
Мак — ¼ стакан
Какос жоңқасы – ¼ стакан
Какао – 1 ас қасық
Дайындалуы:
Жұмыртқаның ақ уызы мен сары уызын бөліп алыңыз. Маргарин мен жұмырқаның сары уызын жақсылап араластырып, ұнмен араласқан қопсытқышты және өсімдік майын қосып араластыруды жалғастырыңыз. Ал жұмыртқаның ақ уызын секермен аппақ көбік тәрізді болғанша миксермен соғып алыңыз да (жұмыртқаңыздың ыдысын төңкергенде түспейтіндей соғылуы керек), жаңа дайындап қойған қоспаңызға салып, ұқыпты бір қалыппен араластырасыз.


Дайындап алған қамырыңызды 3 ыдысқа бөліп, 1-ге мак, 2-ге какос жоңқасы, 3-ге какаоны қосыңыз.


Төртбұрышты қалыпты майлап, 1-мак қосқан қамырды, 2-какао қосқан қамырыңызды, 3-кезекте жоғары бөлігіне какосты қамырды құясыз. Алдын ала 180-200 градуста қыздырып алған пеште 40-50 минут шамасында пісіріп аласыз. Әдемі әрі өте дәмді кекс!))

1 пікірлер