avatar

Мәзір: Үгілмелі печенье
Жарияланды Тәтті-пәтті

Дайындаған мәзірлерімнің ішінде көңілімнен шықпай қалатын кездер де боп тұрады. Осы уақытқа дейін тәтті тоқаш (сдобные булочки) пен печенье жасаудан қиналып келдім. Бірнеше тәжірибенің арқасында тоқаштарды да дайындап үйрендім. Ендігісі, печенье! Алғаш рет сүзбеден дайындаған печеньем қатты боп, көңілімді түсірген еді. Менің көңілім үшін бе, ол печеньелерді әкем ғана жеді. :)) Сол сәтсіздіктен кейін бұл мәзірге жоламауға тырыстым. Қайдағы?! Аспаздық сайттарын қарап отырып, тағы қызықтым, жасағым келді. Қағазға түртіп алып жасағандағым мынау болды.


Бір қарағанда қоспа сұйықтау болды, оған ұн қосып қоюлаттым. Сүйтіп тұрғанда негізгі құрамы өзгеріп, тағы да сәтсіздікке ұшырадым. Печенье қатты болмаса да, мәзірдегідей шықпады. Ендігі амалым — Құдайдан болашақ жартымның печенье пісіруімді сұрамауын тілеу не соңына дейін күресу!
Мүмкіндік барда тәжірибемен өзімді дайындай берейін деп шештім. Бірнеше мәзірлерді салыстыра келе біреуіне тоқталып, білек сыбана кірістім. :)

Құрамы:
  • 200 гр маргарин/сары май
  • 60 гр қант ұнтағы
  • 1 дана жұмыртқа
  • 280-300 гр ұн
  • ванилин

Дайындалуы:
Аталмыш заттардың барлығын араластыра отырып, жұмсақ қамыр илейміз. Ұнды елеп салуды ұмытпаймыз!


Қамырды бірнеше кішкентай бөліктерге бөлеміз. Үстіне жұмыртқаның сарысын жағып, 200 градус ыстық пеште қызартып пісіреміз.


Дайын болған печеньенің үстіне қант ұнтағынан сепсеңіз де болады. Үгілмелі печенье дайын!


Ас болсын! :)

П.С. Әдейі формаға салмай пісіріп көрейін дедім. Әдемі-ақ шықты, ауызға салсаң үгітіліп тұр. Тәттісі де дәл! Сәтті шыққан осы мәзірді сіздерге де рекомендеймін.
П.С.С. Шүкір, қолымнан келді! :)

3 пікір

avatar
иии жәніім әншейін ))) менің де осы әдетім, бірақ сәтсіз шықса қырсығып салмай қоям)) Әлгі сәтті шыққан мәзірді келесіде ұмытып қалатыным бар :v
avatar
Менің де бір печенье жасағым келіп кетті ғой)) байқап көрмесем ба. Қолыңа қуат берсін, осы қалпыңнан тайма, сәттіліктер тілеймін!
avatar
Айналайын ау, жаман шықса ұялма, сені білмим, өзім ұялмай салар ма едім )) Меніңше қайта осындайда сайтқа салу арқылы кеңестер айтылып түзелер ондай нәрселер, жұрттардың кеңесімен, пікір арқылы.
Құдайдан болашақ жартымның печенье пісіруімді сұрамауын тілеу не соңына дейін күресу!
ық ық :))
осы мәзірді сіздерге де рекомендеймін.
хе хе))
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!