avatar

Мәзір: Джем қосылған үгілмелі пирог
Жарияланды Тәтті-пәтті

Дайындалуы ұзақ болса да, сіздің алтын уақытыңызды ақтайтын бұл мәзірдің дастарханыңыздан орын алуға толық құқы бар. Қайталанбас дәмге ие пирогты дайындауға асығыңыз! :)

Құрамы:
  • 2 дана жұмыртқа
  • 4 стақан ұн
  • 200 гр маргарин/сары май
  • 1 стақан қант
  • ванилин, қопсытқыш
  • джем/тосап

Дайындалуы:
Маргаринді жәй отта ерітіп, оған қант пен жұмыртқаны қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, үстіне ұнды елеп саламыз. Қопсытқыш пен ванилинді де ұнмен бірге қосқан жөн.


Аталғандардың барлығын араластырып, қамыр илейміз. Қамыр қолға жабыспайтын және тығыз болмауы керек. Қамырды бірдей емес екі бөлікке бөліп, кішкентайын тоңазытқышқа 1 сағатқа қоямыз. Ал, екінші бөлігін майланған табаға қалыңдығы 5-7 мм болатындай етіп тегістеп жаямыз. Жиектері қалыңдау болған дұрыс, қалауыңызша сәндеуге де болады. Қамырдың үстіне джемді салып, біркелкі етеміз. Аздап мак, дән қосса да болады.


1 сағаттан соң тоңазытқыштан қамырымызды алып, дайын тұрған екінші бөлігінің үстіне үккіштен өткізіп саламыз. Біркелкі формаға келтіреміз де, 180-200 градус ыстық пешке 30-35 минутқа қызарып піскенше қоямыз.


Пештен алғаннан кейін суытып, 2-3 сағатқа қоямыз. Пирог дайын!


Ас болсын! :)

0 пікірлер