avatar

"8 НАУРЫЗ" торты
Жарияланды Тәтті-пәтті

Әйел деген гүл атқанда — әдемі,
Ұнағанда, ұнатқанда — әдемі.
Мөлдіреген жанарынан кей кезде,
Жалғыз тамшы құлатқанда — әдемі.

Жүгіргенде не жүзгенде — әдемі,
Нәрестесін емізгенде — әдемі.
Қонағына дастарханын мол жайып,
Дәмді асынан жегізгенде — әдемі.


Өзін біреу мақтағанда — әдемі,
Арын адал сақтағанда — әдемі.
Іштей ғана ғашық болып біреуге,
Сыр ашуға батпағанда — әдемі.

Түнде кейде күндізден де әдемі,
Сүйгеніне сүйгізгенде — әдемі.
Бәрінен де ақ маңдайын сәждеге,
Таң бозынан тигізгенде — әдемі! ©

Уа, нәзік жандылар! Мереке құт әкелсін. Бар жақсылық сіздермен басталатын осындау мейрам күні сіздердің бақыттарыңыздың бастауы болсын! Асмәзірі сайты сіздермен бірге!
Мерекелік тортымызды қабыл алыңыздар! ))

«8 НАУРЫЗ» торты үшін:
* жұмыртқа — 3 дана;
* маргарин немесе сары май (слив, масла) — 250 гр;
* шекер — 1,5 стакан;
* ұн — 3 стакан;
* сода (сірке суымен бастырылған) — 0,5 шәй қасық;
* ванилин — 1 пакетик;
Кремі:
* қаймақ — 0,5 кг (400 гр. 20 %);
* шекер — 1 стакан;
Сәндеу:
* шоколад (Қазақстан)
* сүт — 30 гр;
* красительдер;
* арнайы сәндеу кремі;


Дайындау сатысы:
Жұмыртқа мен шекерді миксермен араластырамыз:



Сары майды ерітіп құямыз:


Араластырып, ванилин, уксуспен бастырылған сода, ұн саламыз:



Жақсылап араластырамыз. Нәтижесінде осындай қоймалжың шығады. Қолға жабысады, әрине, тек біршама уақытқа қоя тұрсаңыз қолға жабыспайтындай дәрежеде болады:


Қызып тұрған формаға арнайы қағаз төсеп, қоймалжыңды жүрек пішінге келтіреміз:

180 градуста, 4 тәтті нан пісіріп аламыз.

Қаймақ пен шекерді алдын-ала араластырып қойсаңыз шекер еріп, қоюланып тұрады. Әр тәтті нанның арасына жағып шығамыз:


Арнайы сәндеу үшін арналған құрғақ кремге жарты стаканнан көп сүт құйып миксермен араластырасыз:


Тортты креммен қамтып шығамыз:


Арнайы кремді бірнеше бөліктерге бөліп тастап, арнайы бояғышпен бояймыз. Тортты қалауыңызша сәндесеңіз болады:



Дайын болуы үшін салқын жерде 6-10 сағатқа қалдырыңыз. Торт дайын:


Дендеріңіз сау, айыңыз оңынан тусын, нәзік жандылар!

3 пікір

avatar
Охх керремет, күшті, керремет шығыпты. Мейрамдарыңызбен бикештер)) құрметті арулар, әпке қарындастар, қазіргі және құдай қаласа болашақ аналаар, аспаздаар. Біз еркектер сіздер үшін қызмет, әрекет етеміз ғо, олсыз қайдиәаан бізге)) Сіздердің бақыттарыңыз біздің де бақытымыз… Сондықтан моооол бақыт тілеймін.
avatar
Ой, рахмет көп-көп)))
avatar
Қандай керемет маған қатты ұнады
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!