avatar

Мәзір: Жержаңғақ қосылған пирог
Жарияланды Тәтті-пәтті

Бүгінгі мәзір күтпеген уақытта үйіңізге қонақ келгенде сізді құтқарып қалатыны анық. Шәйға ұсынатын бұл пирог тез дайындалып қана қоймай, тәтті дәмімен ерекше.

Бізге керегі:
  • 200 гр сары май не маргарин;
  • 3 дана жұмыртқа;
  • 1-1,5 стақан қант;
  • 1 ас қасық мак;
  • 2-2,5 стақан ұн (елегіштен өткен);
  • 10-15 гр қопсытқыш (разрых.);
  • ванилин мен жержаңғақ.

Дайындалуы:
Алдымен маргаринді жәй отта ерітеміз, оның үстіне қант қосамыз. Қант еріген соң жұмартқаларды жарып саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, мак қосамыз.


Одан кейін ұнды елеп сала бастаймыз, арасында қопсытқыш пен ванилинді қосуды ұмытпаған жөн. Ұнның барлығын салып болғаннан кейін, біркелкі қоспа болғанша араластырамыз. Дайын қоспаға аршылған жержаңғақ қосып, 180-200 градус температурада 20-25 минут пісіреміз.


Аз уақыттың ішінде пирогымыз да дайын, үстіне қант ұнтағын сеуіп, сәл суытып дастарханға ұсынуға болады. Ас болсын! :)

3 пікір

avatar
Пирогты біреу дайындап берсе жеймін, а былай қолымнан сәтті шықпай-ақ қойды осы. Бәрібір түбі бағындырып аламын)))
avatar
Ал менде печенье сәтсіз бола береді…
avatar
күшті күшті))