avatar

Фарафель
Жарияланды Жеңіл-желпі тағам түрлері

Қайырлы күн, достар!
Фарафель — ноқаттан (нут) жасалынатын еуропа елдеріне танымал котлет түрі.

Өз басым етті аса ұната бермеймін, сондықтан болар етсіз жасалынатын осныдай мәзір түрлерін қоржыныма сала жүремін. Сіз де жасап көріңіз, ұнайтынына кепілдік бере аламын))

Фарафельге керек өнімдер қол жетімді. Ең бастысы ноқат болса жетіп жатыр:
Ноқат — 1 стакан;
Пияз — 1 үлкен немесе екі орташа;
Сарымсақ — 5 тіс;
дәміне қарай тұз (2 шәй қасық болуы мүмкін) бұрыш, ақжелкен, кориандр, кинза, майда зірә, базилик;
Ұн — 2 шәй қасық;
Өсімдік майы;

Жасалу жолы:
Ноқатты салқын суға салып, бір түнге қалдырыңыз немесе тәулік бойы тұрса да болады. Одан кейін суынан арылтып, еттартқыштан екі мәрте өткізіп алыңыз:

Пияз бен сарымсақты да еттартқыштан өткізіп жіберіп, дәмдеуіштерді қосыңыз. Тмин, кориандр, базилик, қара бұрыш, тұз, ақжелкен, кинза, ұн салып, жақсылап араластырамыз:

Ұнды көбірек қосу фарафельдің қатты болып кетуіне алып келеді, сондықтан мөлшермен қосыңыз. Қызып тұрған майға қолмен дөңгелетілген фарафельдерді қуырып аламыз. Майға тез қызаратындықтан алдын ала пішінге келтіріп алғаныңыз жөн. Мейілінше, алақанда қатты қысып, суын шығарып жасау керек, олай етпеген жағдайда шашырап қалады. Тіпті жабыспай жатса тағы азырақ ұн қосып, ұнға аунатып алуыңызға да болады:

Майда ұзақ ұстасаңыз, түсі демде қарайып кетеді, сондықтан алтын түске енгенше екі жағын бірдей қуырып алыңыз:

Фарафельдеріміз дайын:


Вon appetit!

5 пікірлер

avatar
Осы «ноқат» дегеніңді түсінбей-ақ қойдым :)))))))) Котлет сияқты екен, иә?
avatar
))) сіздер жақта не дейді ноқатты? Дәмі шынымен котлетке келеді енД)))
avatar
Мен тіпті не зат екенін ұға алмай жүрмін шыны керек :)))))
avatar
Мына жерде Тоғжан «бұршақ» депті, енді түсінікті болды ғой деймін?
avatar
Бұршақ? Горох дей беріңдерши, менде басқа мағына береД анау ноқат дегендерің