avatar

Алма пирогі
Жарияланды Жеңіл-желпі тағам түрлері

Алма пирогін дайындау оңай. Ол үшін дайын қатпарлы қамыр сатып алыңыз немесе өзіңіз дайындап алсаңыз болады.
Алма пирогі үшін қажет болатын өнімдер: Алма, корица дәмдеуіші, шекер, қатпарлы қамыр, жұмыртқа (бетін сылау үшін)

Қатпарлы қамырды бірдей пішінде жайып шығып, бір бөлігін шахмат тәрізді кескілеп шығамыз:

Алманы майда етіп турап аламыз:

Жайылған қамырдың бір бөлігіне алманы салып үстіне корица себеміз, оның үстінен шекер:

Айналасын шанышқының көмегімен бітейміз:

200 градустағы пеште дайын болғанша ұстап, пісіріп аламыз7 Пешке салмас бұрын бетіне жұмыртқа жалатып алыңыз:

Ас болсын!

5 пікірлер

avatar
авторын көре алмадым :) кім жасад?
сосын қамыр қалың емес пе? ну піседі ма дегенім ғо))
avatar
Тақырып жанындағы автор аватарының үстіне апарып, біраз күте тұрсаңыз есімім шығады екен))) Қамыр кәдімгі самсаның қамыры болғандықтан кереметтей піседі)) Шәйға таптырмайды енді
avatar
рахмет кеңесіңе))) ага кейн басты бетке шығып барып көрдім сені золушка))))
avatar
Золушка боп кетуін?! :))))))))))))))))