avatar

Кәдіден жасалынған пирог
Жарияланды Жеңіл-желпі тағам түрлері

Сәлем, оқырмандар!
Кәді (кабачок) — дәмді көкөністердің бірі. Білуімізше, кәдінің отаны Оңтүстік Америка мен Үнді елі болып келеді. Ол жайында айтылатын аңыздар көп-ақ, соның бірі Үнді әйелдеріне Құдайдың сыйлығы іспетті болған. Бүгінгі дастарханымыздың дәмі, сәні «Кәдіден жасалынған пирог», түскі ас үшін таптырмайтын мәзір, өте тойымды.
Пирог үшін бізге керек өнімдер: 2 үлкендеу келген кәді; 4 жұмыртқа; 1 стакан ұн; шәй қасықтың жартысындай сода; сыр; 1 майонез; 2-3 қызанақ; 3-4 тіс сарымсақ; аскөк; дәміне қарай тұз, бұрыш;....
*
*
*
*
*
Дауындау жолы:
Әдетте тағам дайындамас бұрын тазалықты қатаң сақтауды өзіңіз де білетін боларсыз, сондай-ақ көңіл-күйіңіздің өзі жасап жатқан тағамыңызға орасан әсерін тигізеді. Сондықтан, күліп жүріп, көңілді жасауға тырысыңыз.
Кәдіні қабығынан аршып, үккішетн өткізіңіз. Оның үстінен жұмыртқа, ұн, тұз, бұрыш, сода салыңыз:

Мұқият араластырыңыз. Араластыру барысында тым қою секілді көрінуі мүмкін, бірақ сіз құймақ секілді қоюланғанша араластыра түсіңіз. Сонда мынадай күйге енетін болады:

Дайын болған қоймалжыңды қызып тұрған табаға бір ожауын құйып, асты қызарған соң келесі бетіне аударып пісіріп алыңыз. Құймақ секілді, тек қалыңдау болады.Осылайше 4 немесе 5 дана шығарасыз:


Дайын болған соң суытып қойыңыз. Ол суймын дегенше майонезге сарымсақты арнайы сарымсаққа арналған қысқыштан өткізіп, укроп турап салып дайындаңыз:

Енді, әр бөліктің үстіне дайын майонез қоспаларын біркелкі жағып, үстінен сырды үккіштен өткізесіз. Кезекпе кезек:


Ең үстінгі бетіне де майонез қоспасын жағып, одан кейін қызанақпен сәндеңіз, аскөк себіңіз:

Дайын кәді пирогы:


Астарыңыз дәмді болғай!
Пы/сы: Мәзір жасалу жолы Айтабер сайтынан алынды;

1 пікірлер

avatar
Дәмі қандай болады екен? Әдетте, пирогтар тәтті болады. Бұл дәмді емес пе?