avatar

Үй жағдайындағы пицца (Рizza)
Жарияланды Жеңіл-желпі тағам түрлері

Баршаңызға сәлем!
Шамасы, пицца тағамынынан дәм татып көрмеген адам арамызда кем де кем шығар. Дегенімен, пиццаның қашан және қайда пайда болғанын көпшілігіміз біле бермейтініміз анық. Аңыздардан білуімізше, пицца — Италия халқының ұлттық тағамы болып табылады. Осынау, дәмі мен сәні үйлесім тапқан пиццаның бүгінде неше бір түрі баршылық. Фастфуд, дәмханаларда әжептеуір бағамен сатылатын аталмыш тағамды үй жағдайында шамаңызға қарай дайындай аласыз. Бастысы, тағамға керек қоспалардың бірқатары өз бақшаңыз бен тоңазытқышыңыздан табылады.
Пицца үшін қажетті өнімдер: Болгар бұрышы; Зәйтүн; Қызанақ; Шұжықша (сосиска); Сыр; Кетчуп; Майонез; Сәйкесінше, болгар бұрышы, шұжықша, қызанақ, зәйтүндерді майдалап турап алыңыз. Егер отбасы мүшесі ішінде болгар бұрышын ұнатпайтындар табылып жатса, қоспай-ақ қоюға болады немесе зәйтүнді....
*
*
*
*
*
*
*
*
*
Пицца қамырына келер болсақ, әдетте мен нан жабу үшін ашытылған қамырдан аламын. Яғни, кез келген ашытылған қамыр үй жағдайындағы пицца үшін жарамды болып табылады. Қамырды 1 см көлемінде жайып алыңыз да қыздырылған формаға салыңыз. Сәйкесінше асты жабыспайды, жабысады-ау деген күдік ұяласа майлауыңызға болады:

Қамыр бетіне ең алдымен кетчуп жағыңыз. Ал одан кейін қалауыңыз бойынша кез келген өнімді орналастырып шығуыңызға болады. Тек майонезден кейін сырды үккіштен өткізіп, себіңіз. Мен кетчуптен кейін шұжықша, болгар бұрышы, қызанақ, майонез, сыр, зәйтүн салдым:


Мұнан кейін, пиццаны 180/200 градустағы пешке 30-40 минут шамасында пісіріп аласыз. Дайын болған пицца:

Құпиясы! Егер аталмыш көкөністердің орналасу ретін өзгертетін болсаңыз пицца көрінісі өзгерумен қатар дәмімен де ерекшеленер еді. Мысалы, мен екінші пиццаны пісіру барысында қамыр үстінен кетчуп, сосиска, майонез сыр, қызанақ, зәйтүн, болгар бұрышын салдым. Жоғарыдағы пиццамен өнімдері бір болғанымен, дәмі өзгешелікке ұшырады:


Астарыңыз дәмді болсын!
    Мәзір ұнады ма? Достарыңмен бөліссең ше?

1 пікірлер