avatar

Мәзір: Дөнер
Жарияланды Жеңіл-желпі тағам түрлері

Жастар арасында көп сұранысқа ие жеңіл мәзірлердің бірі — дөнер. Түрік асханасының осы бір дәмін үй жағдайында жасаудың жолы оңай. Дәмді әрі тойымды дөнердің мәзірімен таныс болыңыздар! :)

Құрамы:
  • лаваш
  • қуырылған ет (шұжық не тауық еті)
  • қуырылған картоп (фри)
  • көкөніс салаты
  • кетчуп, майонез

Дайындалуы:
Дөнердің негізгі бөлігі — лаваш. Қамыр илеу үшін бізге ұн, ашытқы, жылы су, тұз сары/сұйық май қажет. Аталғандармен қамыр илеп, 1 сағатқа бетін жауып қоямыз. Дайын болған қамырды майда бөліктерге бөліп, жұқалап илейміз. Табаны қыздырып, қамырдың екі жағын қызартып пісіреміз. Пісіру кезінде қамыр көтеріліп кетпес үшін үстінен басқан жөн. Қамырды табаға салмас бұрын бірнеше жерінен шанышқымен тесіп алса да болады. Лаваш дайын!


Піскен лавашты полиэтилен пакетке орау керек. Сол кезде лавашымыз сынғыш болмай, орауға икемделеді. Енді лаваштың ішіне қосатын қуырылған картопты, яғни, фри дайындаймыз. Ыстық майға ұзыншалап турап тұздалған картопты салып қуырамыз. Картоп майлы болмас үшін майдан сүзіп алғаннан кейін ас үй қағазына (салфетка) салады. Фри дайын!


Дөнерге көбіне қуырылған тауық етін қосады. Бұл жолы мен қолда бар шұжықты пайдаландым. Оны да ұзыншалап турап аламыз. Одан кейін көкөністерден салат дайындаймыз. Ол үшін қырыққабат, қияр, қызанақ, пияз, аскөк және дәмдеуіштерді пайдаланамыз. Барлығын жақсылап араластырып, ащылау салат дайындаймыз.


Дөнерге қажеттінің барлығы дайын, енді орау ғана қалды. Реттілікті сақтай отырып шұжықты, қуырылған картопты, көкөніс салатын, майонез бен кетчупты қосамыз. Мұқият орап, дөнердің формасын келтіреміз. Дөнер дайын!


Астарыңыз дәмді болсын! :)

9 пікірлер

avatar
үйде істейм, тура осыны, керемет ғо. Жо-жоқ ішіне көбірек саламын тасытып :) сөйтіп жейм))
avatar
"Ұнайды" батырмасы неге істемей тұр, админ?
avatar
Шеутеуінен ғо, яғни мәзірге көрсетілген уақыттан кейін дауыс бере алмайтындай баптауында(настройка) көрсетілген, енд ка дүрысталды. Рахмет, осылайша айта беруді ұмытпаңдар кемшіліктерін :)
avatar
Күштііііііі, рахмет Ақнұр :)
avatar
Қолдарың дерт көрмесін, күніім сол)))
avatar
мммммммм жегм кеп тур
avatar
мен жаңа ғана істедім осы рецепт бойынша, керемет болып шықты, рахмет)))
avatar
Керемет рецепт, өте дәмді болды. www.kstu.kz/