avatar

Аяз Ата кейпінде салат сәндеу
Жарияланды Салат

Қош көрдік!
Аяз Ата кейпінде салат сәндеу оп-оңай, кез-келгенің қолынан келетініне кәміл сенімдімін. «Асмәзірі» сайты Сіздерге Жаңа Жылда отбасыңызға ғажап көңіл күй сыйлайды!
Аяз Ата кейпін келтіру үшін кез келген салат жарай береді. Мысалы: подшуба, қызылша салаты, әліби салаты…

Құрамына: Әліби салаты немесе кез-келген.
50-100 гр қатты ірімшік (сары түсті)
150-200 гр ірімшік (ақ түсті)
1 үлкен емес пісірілген сәбіз
кішкене піскен қызылша
2 қара маслина
1 қызыл алма (қызанақ)

Кішкене қызылша мен сәбізді майда үккіштен өткізіп араластырамыз. Қызылша сәбізден аздау болғаны жөн. Тұздап, бұрыштап, сәбіз бен қызылша «достасып» кетуі үшін біраз уақытқа «оңаша» қалдырамыз:

Екі түсті ірімшік. Оларды майда үккіштен өткізіп қойыңыз:

Дөңгелек, біркелкі жәйпек тарелкаға оливье салатын жинақы орналастырып шығыңыз:

Ортасына сары түсті ірімшікті сеуіп шығамыз:

Қызылша-сәбізді қоспамен Аяз Атаның баскиімін жасаймыз:

Ал ақ ірімшікпен сақал-шашын жасап шығамыз:

Маслинамен көздерін, алмамен (қызанақ) мұрын-аузын жасап шығамыз. Ал баскиімнің дөңгелегін ақ ірімшікке аз ғана майонез араластыру арқылы жасап аламыз:

Аяз Ата салатымыз дайын!


Жаңа Жыл — Жаңа Бақыт!

4 пікір

avatar
Уа-чааа! Супер ғой мынау, джынды шығыпты, қайдан үйренвалдыңыз? :)
avatar
Гуглдатшиш))) Жаңа Жыл құтты болсын!
avatar
Мяя, мынаны кеш корiп калдым, а то iстейтiн ем) негiзi дал осындай ингридиентпен баска да кейiпкерлердi iстесен болатын шыгар иа?
avatar
Әрине, болады))