avatar

"Сәбіз" салаты
Жарияланды Салат

Қайырлы кеш, жолдастар!
Бүгіндікке «Сәбіз» салатын ұсынамын.
Қажет өнімдер: -100 г піскен тауық еті -150 г картоп -150 г шампиньон -150 г сәбіз -1 жұмыртқа -майонез -тұз -аскөк -сыр

Піскен тауық еті. Етті майда етіп турау керек:

Картоп пен сәбізді бөлек пісіріңіз. Бір ыдыста пісірілген өнімдердің дәмі түрлерін кетеді. Оларды суытып, аршимыз:



Сәбіз пішініне келтіретін болғандықтан бізге сопақша (овальный) тарелка керек. Ең алдымен картопты үккіштен өткізіп, сәбіз пішініне келтіреміз. Аздап тұздап, үстінен майонез жағып шығамыз:

Келесі шампиньоныды аса майда етпей турап, саламыз, майонез жағудың қажеті жоқ. Оның үстінен тауықеті және майонез, үккіштен өткізілген жұмыртқа (пісірілген), майонез:

Одан кейін үккішпен сырды себелеп өткіземіз. Сырдың үстіне біркелкі майонез жағып шығып, ең үстін майда үккіштен өтізілген сәбізбен қамтып шығамыз. Басына аскөкпен шашақ істейміз:


Ас болсын! Пы/сы: Мәзірдің жасалу жолы Вконтакте әлеуметтік желісінен алынды.

3 пікір

avatar
Куштиииии)) кызыыык…