avatar

Баялдыдан жасалынған салат
Жарияланды Салат

Сәлем, асмәзірліктер!
Баялдыдан (баклажан) жасалынған салат баршамызға кеңінен танымал. Сарымсақ қосылатын болғандықтан мерекелерде желіне бермесе де, отбасылық дастарханымызда көбіміздің сүйікті салатымыз екені жасырын емес. ))
Баялды салаты үшін керек өнімдер: баялды, қызанақ, өсімдік майы, тұз, майонез, сарымсақ, жұмыртқа.
Жасалу жолы: Баялдыны жуып, дөңгелек бөліктерге бөлеміз. Тұзды бойына сіңіруі үшін, тұз салынған салқын суға 10 минут шамасында батырып қоямыз:



Одан кейін, суынан арылуы үшін майлыққа жайып қою керек:

Жұмыртқаны ыдысқа жарып, бұрыштап аламыз. Жұмыртқаға әр баялды бөліктерін батырып алып қызып тұрған өсімдік майына екі жағын да қызарта қуырып алу керек:




Баялды суығанша, майонезге сарымсақты арнайы қысқаштан өткізіп, араластырып, дайындаймыз:



Қызанақтар дөңгелене тураулы:

Қуырылған баялдыны жәйпек ыдысқа жайып шығып, үстіне сарымсақты майонез жағамыз, оның үстінен қызанақ, қызанақтың үстінен тағы да баялды:






Салат дайын:


Асыңыз дәмді болғай!

9 пікірлер

avatar
жегенде жақсы, істегенде осындай ұсақ нәрселер іш пыстырып жіберед ше :))
avatar
Ал мен жақсы көрем істегенді)))
avatar
Не ғой, қуырып болғаннан кейін де газеттің үстіне жәйіп қойсаң шамалы майы сіңіп, күшТ болады. Біз солай жасаймыз, сосын баялды дегенді енД естіватрм ии, есімде болады. :)
avatar
Айтаберде баклажанның қазақшасы кәді деп таласқаным есімде)) Сөйтсем, кабачоктың қазақшасы кәді, баклажан баялды екен))
Сосын, қазақ сайттарынан жиі оқимын, жасымақ деген не? Перловка ма?
avatar
Жасымық — құрғақ горох. Мына massaget.kz/bastangy/kulinariya/12031 жерде бар.
avatar
О, рахмет! Пайдалы пост екен. Тағы рахмет)))
avatar
тещин язык дейді ғой орыс халқы
avatar
Иә, орыстар солай атайды))