avatar

Ыстық салат
Жарияланды Салат

Ыстық салат — кез-келген өнімдерден, еттен, көкөністен жасалынады. Бүгінгі мәзір қазақ дастарханынан жиі орын алатын қойдың ішек-қарынынан дайындалады. Әдетте қой сойғанда қойдың ішек-қарнын, аш ішек, тоқ ішегін жарамсыз етіп тастайтынымыз немесе көрші-қолаңдарға бере салатынымыз рас. Бірақ, пайдаға асырсаңыз таптырмайтын салат болады екен))) Ыстық салаттың негізіне қойдың ішек-қарыны, тоқ ішек ұзын ішек, бітпейтін ішек))) кіреді. Алдын ала қайнатып, пісіріп аласыз: (жақсылап жуылған, тазартылған) Сәбізді осылай турайсыз: Пиязды да: Ыстық салаттың «негізгі бөлігін» де ұзынша, жұқа етіп тураймыз: Ал енді табаға май құйып отқа қоясыз. Майға пияз бен сәбізді жақсылап қуырып, ішектерді саласыз саласыз. Және қуыра отырып тұздайсыз, дәміне қарай бұрыштайсыз. Сарымсақ қоссаңыз ба болады: Дастарханға ыстықтай да, суытып та қоя бересіз: Асыңыз дәмді болсын! =))

0 пікірлер