avatar

Анар мен қуырылған картоп салаты
Жарияланды Салат

Баршаңызға сәлем! Қуырылған картоп пен анардан жасалынған салат мейрамдарда дастарханыңыздың сәнін ашады. Пайдалы өнімдердің арқасында әдемі көрініске ие бұл салат, әдемі ғана емес пайдалы да. Бізге керек өнімдер: 350-400 гр картоп; өсімдік майы; 1/2 анар жемісі; 2 орташа қияр; 2 орташа қызанақ; 200 гр консервідегі жүгері (құрғақ); 120 мл сметана; тұз; қара, қызыл бұрыштар;
*
*
*
*
*
*
*
*
*
Дайындау әдісі:
Картопты аршып, тазартамыз жұқа, ұзынша етіп тураймыз: Жуып, майға қуырып аламыз. Дайын болуға жақындағанда тұздайсыз. Қуырылған картопты салфеткаға салып қою керек, артық майынан арылуы үшін: Қиярды майда кубиктерге турайсыз: Қызанақты да дәл солай турайсыз: Қуырылған картопты, қызанақ, қияр мен анар дәндері, жүгеріні ыдысқа салып, қаймақ, тұз және бұрыштарды саламыз: Мұқият араластырамыз: Міне, болды! Өте оңай, дәмді әрі әдемі салат. Көріп отырғаныңыздай анар дәндері салат түсін ашады, тәбетіңізді де)) Дегенімен, анар дәніндегі сүйекшелерін ұнатпайтындар табылуы мүмкін. Ол үшін анардың сүйегі жоғын іздестіріп көріңіз, болмаса салаттағы анар көлемін азайтыңыз. Асыңыз дәмді болсын! =)) Пы/сы: Мәзірдің жасалу жолы өзге тілді интернет беттерінен алынды.

7 пікірлер

avatar
Көрген сайын жақсыға өзгеру деген ғажап қасиет қой)) ішпей-жемей, көріп қана толысу деген…
avatar
Муахахахахах :))) өлтірдің жауапты!
avatar
Мынау салат маған ұнап қалды, мен анар жемісін қаааатты жақсы көрем! :)
avatar
anko ? осындай зор салат істеп берсеңіз қайныңызға)) әә қалай болар екен?))
avatar
))) мағанда ұнады, енді ағаңа ұнаса мақұл жасап берем :)
avatar
ОО онда жейтін боппыз)) ка мен оған айтааамын жақсылааап))