avatar

"Әліби" салаты
Жарияланды Салат

Сәлем, оқырмандар!
Укипедияның айтуынша Оливье салаты — сонооу Кеңес дәуірі тұсында Ресейдегі мейрамдарда ұсынылатын ерекше мәзір түрі болса керек. Ал атауын сол кездердегі (ХІХ ғасыр, 60-шы жылдар) Мәскеу қаласындағы атақты «Эрмитаж» атты париж мейрамханасын басқарған француздық аспазшы Люсьена Оливьенің құрметіне берілген екен. Мәзірдің жасалу жолын аса құпия ұстаған аспаз әйел, ақыры құпия күйінде өзімен бірге молаға ала кетіпті деседі. (мұнша қатігез болар ма?) Содан бері бұрмаланған Оливье салатының қандай екенін қазір білмейтін адам жоқ, тіпті оны біз жақта қазақшалап "Әліби" деп атап кеткен. Басқаны қайдам, бізде тіпті мектепте де солай атайтын))) Дастарханды бай көрсететін, сәнін ашатын "Әліби" салатын назарларыңызға ұсынамын.
"Әліби" салатының құрамына:
1. Картоп — 0,5 келі;
2. Сәбіз — 0,3 келі;
3. Жұмыртқа — 6-7 түйір;
4. Шұжық (ет, шұжықша) — 200-300 гр;
5. Маринадталған (тұздалған) қияр — 5-6 түйір;
6. Асбұршақ (горох) — 1 құты;
7. Майонез;
Жасалу жолы: Картоп, сәбіз және жұмыртқаны қайнатып, суытып алыңыз:


Картопты, сәбізді, жұмыртқаны аршып, қиярды, шұжықты текшелеп майда төртбұрыш етіп тураймыз:




Соңынан асбұршақты саламыз:

Барлығын жақсылап араластырамыз:

Көп мөлшерде жасаудың сыры бар. Салатты отбасы мүшелеріне лайықтап белгілі бір бөлігін ғана ыдысқа шақтап алыңыз да, қалғанын арнайы пластмасса ыдысқа салып, тоңазытқышқа қойыңыз. Бұл салатты екі күнге үнемдеуіңіз үшін, екі күн бойы дастарханыңыздан табылуы үшін:


Майонезбен араластырамыз: Дайын:

Ескерту: Кей жерлерде салат құрамы өзгешелеу болады. Майонездің орынына қолдың қаймағын қосатындар бар, асбұршақтың орынына консервідегі жүгеріні пайдаланатындар да баршылық. Қиялыңызға ерік беріңіз))
Назарларыңызға рахмет! =)

1 пікірлер