avatar

"Күнбағыс" салаты
Жарияланды Салат

Күнбағыс кейпіндегі бұл салат кез-келген дастархан сәнін ашар еді. Салатты сәндеу кез-келген салат үшін жарай берді. Сонымен «Күнбағыс» салаты үшін қажеттілер: 300 г тауық еті 400 г консервідегі жүгері 3 жұмыртқа 200 г маринадталған қозықұйрықтар 200 г сәбіз Чипсы (сопақшасы) Майонез Өсімдік майы..
*
*
*
*
*
*
*
Сәбізді піскенше қайнатып, суытып, тазалаймыз: Тауық етіп майдалап тураймыз: Өсімдік майына тауық етін піскенше, шамамен 10 минуттай қуырамыз, дәміне қарай тұздаймыз: Піскен сәбізді майда көзді үккіштен өткізіп аламыз: Пісірілген жұмыртқаны да майда көзді үккіштен өткізіп аламыз: Қозықұйрықтарды майдалап тураймыз: Жәйпек тәрелкенің ортасына тауыз етін жайып, майонез сеуіп шығамыз: Оның үстінен сәбізді және майонез: Одан соң қозықұйрық, майонез. Жұмыртқа: Одан соң жүгерімен бетін біркелкі жауып шығамыз, айналасына чипсы. Қиялыңызға ерік беріп, өзіңізше сәндей аласыз: Ескерту! Сіз таңдаған чипсы сопақша, үлкен көлемді келуі тиіс. Ондай чисыларды супермаркеттерден табасыз. Өкінішке орай, мен үй маңайындағы дүкендерден таба алмадым. Алдағы уақытта міндетті түрде ескеретін боламын. Назарыңызға рахмет! Астарыңыз дәмді болсын! Пы/сы: Мәзірдің жасалу жолы интернет беттерінен алынды.

2 пікір

avatar
Көңілімдегі чипсыдй таба алмағаным-ай, кідәй Ә, түрі бар болсын)))