avatar

Мәзір: "Жаңа жыл" салаты
Жарияланды Салат

«Жаңа жыл» салаты — ең дәмді әрі тойымды мәзірлердің бірі. Бұл салатты міндетті түрде дайындап көруге ұсынамын. Дайындалу жолы да қарапайым…

Құрамы:
  • 3-4 дана пісірілген картоп;
  • 2-3 дана тұздалған қияр;
  • 200-300 гр пісірілген тауық еті;
  • 3 дана пісірілген жұмыртқа;
  • 1-2 дана алма;
  • ірімшік (сыр);
  • майонез, тұз;
  • пісірілген қызылша мен анар жемісі (сәндеу үшін).

Дайындалуы:
Алдымен пісірілген картопты үккіштен өткізіп тәрелкенің бетіне жаямыз. Оның үстіне жұқалап майонез құямыз, аздап тұз сепсе де болады. Одан кейінгі қатарды тұздалған қиярдан жасаймыз. Ол үшін қиярды жіңішке әрі ұзыншалап турап саламыз.


Келесі қабатты ұзыншалап туралған тауық етінен жасаймыз. Оның да үстіне майонез құямыз.


Пісірілген жұмыртқаларды үккіштен өткізіп қосамыз, маонез құямыз. Оның үстіне үккіштен өткен алманы саламыз.


Барлық жұмыс шанышқымен жүргізілу керек және қабаттарды үстінен басуға болмайды, тек шанышқы ұшымен жасаған жөн.


Алманың үстіне де жұқалап майонез құйып, үккіштен ірімшікті өткіземіз. Тәрелкедегі салаттың формасы сақталу қажет.


Салаттың негізгі құрамы дайын, енді сәндеуге кірісеміз. Ол үшін пісірілген қызылшаны дөңгелектеп турап, оған арнайы форма көмегімен пішін береміз. Сол пішіндерді салаттың жиектеріне қойып шығамыз.


Одан кейін аршылып тазаланған анар жемісінің көмегімен сағат тілін жасаймыз.


Жұмыс аяқталды, жаңа жылдық салат дайын. Ас болсын! :)


Баршаңыздың дастархандарыңызға молшылық, береке, шаңырақтарыңызға жақсылық пен амандық тілейміз!

1 пікірлер

avatar
Кеше 12-ге 5 минут қалғанда жариялағым келген, оған үлгермей қалдым. :))